Италия университеттерімен ынтымақтастығымыз артуда
+7 (7222) 42-32-24

Италия университеттерімен ынтымақтастығымыз артуда

Әлихан Бөкейхан Университеті Италияның жетекші оқу орындарының бірі Luiss University-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Luiss University әлеуметтік ғылымдар бағытына маманданған әрі мульти мәдени академиялық ортада 10 мыңнан астам студенттер оқытатын іргелі университет.

Университет әлемдік рейтингте саяси және әлеуметтік ғылымдар және халықаралық зерттеулер бойынша 14-ші орынға ЕО рейтингінде 2-ші (QS World University Rankings) орынға ие. Экономика, менеджмент және құқық салалары бойынша әлемдегі үздік 50 университеттің қатарына кіреді.

Италияның ең ірі өнеркәсіптік қауымдастығы Confindustria-мен тығыз ынтымақтастығының арқасында Luiss University ірі компаниялармен, іскер топтармен, мемлекеттік мекемелермен берік байланыстар орнатқан, бұл өз кезегінде тәжірибеге бағытталған оқытуды сәтті ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

300-ден астам халықаралық серіктестері бар Luiss University-де әлем университеттермен бірлесіп әзірленген 60 бірлескен білім беру бағдарламасын іске асырылады. Университет бейінді халықаралық академиялық қауымдастықтардың белсенді мүшесі.

Luiss University - академиялық қатаңдықты практикалық маңыздылықпен үйлестіретін білім беру моделі бар жетекші университеттердің бірі. Оның негізгі ерекшеліктері:

ғылыми зерттеулер: Luiss University оқытушылары өздерінің ғылыми қауымдастықтарына, сондай-ақ кәсіби қауымдастықтарға белсенді қатысатын жетекші сарапшылары бар.

тәжірибеге бағытталған білім беру: білім беру бағдарламалары студенттерден жобалар мен зерттеулерге қатысуды талап етеді.

Luiss University моделі - студенттердің интеллектуалды қызығушылығын дамытатын, өзін-өзі тануға шабыттандыратын және тәуелсіз, сын тұрғысынан ойлауға негізделген, «өмір бойы оқыту» тәсіліне негізделген.

Университетпен Экономика, Менеджмент және құқық саласындағы ынтымақтастық біздің білім алушыларға бірлескен ғылыми зерттеулерге қатысу, академиялық ұтқырлық бағдарламаларына, шетелдік ғылыми тағылымдамалар бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктерін береді.



Бөлісу: