АҚШ Елшілігінің ағылшын тілін оқыту бағдарламаларын таныстыру
+7 (7222) 42-32-24

АҚШ Елшілігінің ағылшын тілін оқыту бағдарламаларын таныстыру

Әлихан Бөкейхан Университетінде Америка Құрама штаттарының Қазақстандағы Елшілігінің өкілі Ольга Патеровамен кездесу өтті.

Ағылшын тілін оқыту бағдарламаларының маманы Ольга Патерова университет оқытушылары мен қызметкерлеріне танымдық семинар өткізіп, елшіліктің студенттер мен оқытушылар үшін ұсынатын білім беру бағдарламалары мен мәдени бастамаларын таныстырды.

Презентация барысында оқытушыларға оқыту сапасын арттыруға және оқу үрдісіне инновациялық әдістерді енгізуге бағытталған материалдар ұсынылды. Сонымен қатар, студенттердің ағылшын тілі мен АҚШ мәдениеті туралы білімдерін байытатын, елшіліктің қолдауымен әзірленген қолжетімді онлайн курстар талқыланды.

АҚШ Елшілігі өкілінің сапары университеттегі халықаралық білім беру ынтымақтастығын дамытудағы маңызды қадам, студенттер мен оқытушылар үшін ағылшын тілі мен батыс мәдениетін үйрену саласында жаңа көкжиектер ашатыны сөзсіз.



Бөлісу: