✨ Кеше, 13 мамыр күні Әлихан Бөкейхан Университетінде биылғы жылы жоғары оқу орнын тәмамдайтын студенттерге арналған "Job Fair – 2024" атты Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
🗣️ Іс-шара барысында Университетіміздің Заң факультетін, Ақпараттық технологиялар және экономика факультетін және Гуманитарлық факультетін түрлі білім беру бағдарламалары бойынша бітіретін түлектерге Абай облысы аумағында еңбек нарығындағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат беріліп, бітіруші түлектер мен жұмыс берушілердің көзбе-көз жүздесулері ұйымдастырылды.
✍️ Жәрмеңкеге Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының басшылары мен мамандары, Абай облысы соттары, прокуратурасы, ішкі істер органдары мен "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының басшылары, білім беру ұйымдарының, қаржы мекемелері мен салық органдарының, түрлі бағытта қызмет атқаратын мемлекеттік және жекеменшік мекемелер мен ұйымдардың басшылары мен мамандары, Әлихан Бөкейхан Университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен оқу бітіретін түлектері қатысты.
🤝 Іс-шара барысында биылғы жылы Университет бітіретін 465 жас маман жұмыс берушілермен тікелей байланысқа түсіп, оның 163-і алдын-ала жұмысқа тұру келісімшарттарын жасасты.
🔸Жұмыс берушілер, өз кезегінде, Университет бітіретін жас мамандар арасынан өз мекемелеріне қажетті кәсіби мамандарды таңдап алу мүмкіндігіне ие болады.
💐 "Job Fair – 2024" атты Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің сәтті өтуіне қолдау білдірген Абай облысы Мансап орталығының мамандары мен облыстық білім басқармасының басшылығына, жәрмеңкеге қатысқан барлық жұмыс беруші мекемелерге шексіз алғыс білдіреміз.
- Оқылды: 462