Бағдарламалаудан "CPFED Abai Olymp" облыстық олимпиадасы
+7 (7222) 42-32-24

Бағдарламалаудан "CPFED Abai Olymp" облыстық олимпиадасы

📢  Қымбатты Абай облысының мектеп оқушылары!

✨ Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясы Әлихан Бөкейхан Университетімен бірлесіп, Абай облысы білім басқармасының қолдауымен, өңір мектептері оқушыларының арасында бағдарламалаудан "CPFED Abai Olymp"облыстық олимпиадасын өткізеді.

🎯 Олимпиаданың мақсаты - жастар арасында спорттық бағдарламалау бағыттарын насихаттау және мектеп оқушыларына IT саласындағы дағдылары мен қабілеттерін паш етуге мүмкіндік беру.

👥 Олимпиадаға Абай облысының жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатыса алады (Мамандандырылған мектеп оқушылары олимпиадаға қатыспайды).

📌 Олимпиада екі кезеңде өтеді:
🔹Іріктеу кезеңі 2024 ж. 13 сәуірінде сағат 11:00-де онлайн форматта өтеді.
🔹Шешуші кезең 2024 ж. 20 сәуірінде Семей қаласында, Alikhan Bokeikhan University базасында өтеді.

🏆 Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері келесідей жеңілдіктерге ие болады:
🔸 1 орын алған оқушы – Университеттің ақылы бөлімінде 100% жеңілдікпен білім алуға мүмкіндік беретін сертификат.
🔸 2 орын алған оқушы – Университеттің ақылы бөлімінде 50% жеңілдікпен білім алуға мүмкіндік беретін сертификат.
🔸 3 орын алған оқушы – Университеттің ақылы бөлімінде 25% жеңілдікпен білім алуға мүмкіндік беретін сертификат.

🔗 Олимпиадаға қатысу үшін келесі сілтеме бойынша алдын ала тіркеуден өту керек - clck.ru/3A3bqs

Олимпиада туралы толығырақ ақпаратты Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізу туралы ережеден ала аласыздар



Бөлісу: