КАЕУ Вице-Президенті Әлихан Университетінде
+7 (7222) 42-32-24

КАЕУ Вице-Президенті Әлихан Университетінде

✨ Әлихан Университеті өңірлік жоғары оқу орындарымен байланыстарын одан ары нығайтуда.

🤝 Екіжақты ынтымақтастық қатынастар аясында кеше, 4 сәуір күні, Әлихан Университетіне іс-сапармен Қазақстан-Американ Еркін Университетінің Вице-Президенті Дэниеля Бэлласт пен аталған оқу орнының халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Серік Абилов келді.

🔹 Іс-сапар барысында екі университеттің халықаралық байланыстарын нығайту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Бэлласт мырза университет басшылары үшін "Қызмет қылудағы лидерлік" тақырыбында семинар өткізді.

🗣️ Спикер қызметкерлер мен жұмыс процесстерін басқару саласындағы өзекті зерттеулер мен заманауи үрдістер туралы әңгімеледі. Тиімді көшбасшылық пен адамдарға қызмет етудің тікелей байланысы туралы қызықты да танымды дәріс оқыды.

🔸КАЕУ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Серік Абилов, өз кезегінде Филология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, лингвистикалық орталық ашу мәселелерін пысықтады. Маман сонымен қатар жас оқытушыларға, "Шет тілдерін оқытуды ұйымдастыру" тақырыбында практикалық семинар өткізді.

🤝 Университет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы атынан КАЕУ серіктестерімізге алғысымызды білдіреміз!



Бөлісу: