Докторлық диссертацияны алдын ала қорғау
+7 (7222) 42-32-24

Докторлық диссертацияны алдын ала қорғау

2024 жылдың 3 сәуірінде Әлихан Бөкейхан Университетінің Педагогика және психология кафедрасының отырысында 8D01101 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының докторанты Жұлдыз Нұрланқызы Әбішеваның философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуға дайындаған «Болашақ педагогикалық психологтардың корпоративтік зерттеу мәдениетін қалыптастыру шарттары» тақырыбындағы диссертациясын талқылау өтті.

Докторанттың отандық ғылыми кеңесшісі – Қалкеева Қамарияш Райханқызы, педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Педагогика кафедрасының профессоры. 

Шетелдік ғылыми кеңесші – Вячеслав Ильич Казаренков – педагогика ғылымдарының докторы, Ресей халықтар достығы университетінің профессоры (Ресей, Мәскеу қаласы).

Кафедра отырысының нәтижесінде диссертациялық жұмысты философия докторы (PhD) дәрежесіне Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде қорғауға ұсыну туралы шешім қабылданды. 



Бөлісу: