Әлихан Бөкейхан Университетінің студенттері – Халықаралық ғылыми жұмыстар байқауының жүлдегерлері
+7 (7222) 42-32-24

Әлихан Бөкейхан Университетінің студенттері – Халықаралық ғылыми жұмыстар байқауының жүлдегерлері

Әлихан Бөкейхан Университетінің Бизнес және басқару  кафедрасының  6В04116 - «Экономика»  білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері "Қазақстандағы және әлемдегі ESG: AP19676924 мемлекеттік бюджеттік ҒЗЖ шеңберіндегі тәжірибелер» бағдарламасы бойынша өткізілген «Өңірдің өнеркәсіптік кешенінің технологиясын құрастыру және экологиялық брендингін ілгерілету" тақырыбындағы студенттердің ғылыми жұмыстарының халықаралық байқауына қатысты.

Байқауды Торайғыров университетінің Экономика және құқық факультетінің Экономика кафедрасы ұйымдастырды. Байқау Қазақстанның түкпір-түкпірінен білім алушылардың 43 командасы қатысты.

"Экобрендинг: тиімділікті бағалау және креативті технологиялар" секциясы бойынша байқау екі кезеңде өткізілді:

- бірінші кезең – таңдалған секция шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын әзірлеу, дайындау;

- екінші кезең-ұйымдастыру комитетіне конкурстық құжаттаманы ұсыну, конкурстық комиссияның жұмысы.

Байқау қорытындысы бойынша Бизнес және басқару кафедрасының аға оқытушысы Д. О. Қалдыбаеваның жетекшілігімен студенттер Я. Игенбердинов, С. Тұрсынов және Ш. Құрмановадан құралған  Alikhan Bokeikhan University командасы жүлделі 3-ші орынға ие болды.

Бизнес және басқару кафедрасы конкурс жеңімпаздарын құттықтай отырып, жаңа белестерді бағындыра берулеріне тілектестік білдіреді.



Бөлісу: