Әлихан Университеті SES экспертін қабылдауда
+7 (7222) 42-32-24

Әлихан Университеті SES экспертін қабылдауда

Әлихан Бөкейхан Университетіне «Шет тілін (ағылшын тілі) оқыту әдістемесі » бағыты бойынша университет оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру жобасы аясында SES ұйымының (Германия) жетекші сарапшысы Габриэль Бергхоф іс-сапармен келді.

Senior Experten Service (SES) (Аға эксперттер қызметі) — жетекші мамандар мен зейнетке шыққан немесе өз жұмысын уақытша тоқтатқан басқарушы қызметкерлерді өзге елдерге түрлі салалардағы жобаларды жүзеге асыруға жолдайтын герман ұйымы.

Бұл – SES сарапшысының біздің университетімізге екінші рет келуі. Бергхоф ханымның қатысуымен өткен алғашқы жоба 2023 жылдың сәуірінде сәтті жүзеге асқан болатын.

Габриэль Бергофф – білім беру саласында мол тәжірибесі бар жетекші сарапшы әрі тәлімгер ұстаз, ол жас мамандарға ағылшын тілін оқыту саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыруға көмектеседі.

Жоба аясында Филология кафедрасының оқытушылары үшін шеберлік сыныптарын, студенттермен бірге өткізілетін speaking club, сондай-ақ «Екі шет тілі» мамандығының студенттерімен шет тілдерін оқытудың заманауи әдістерін үйренуге арналған түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Әріптестеріміз бен студенттерімізге шетелдік сарапшымен жемісті жұмыс атқаруына тілектестік білдіреміз!



Бөлісу: