Әлемдік доданы бағындырған "Ro-Alemi" өрендері марапатталды
+7 (7222) 42-32-24

Әлемдік доданы бағындырған "Ro-Alemi" өрендері марапатталды

✨ Бүгін Әлихан Бөкейхан Университетінде Сингапур елінде робототехникадан өткен «Singapore FIRST Championship 2024» халықаралық сайысында бас жүлде иеленіп, Қазақстан Республикасының, оның ішінде Абай облысының намысын әлемдік аренада қорғаған «RO-Alemi» құрама командасының оқушылары мен жетекшілерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

💫 Іс-шара «RO-Alemi» робототехника орталығының құрылтайшысы – Әлихан Бөкейхан Университетінің бастамасымен ұйымдастырылды.

🔸Іс-шараға әлемдік додада топ жарған оқушылар мен олардың ата-аналары, «RO-Alemi» Абай облысы білім басқармасының басшылығы, облыстық Инновациялық-әдістемелік орталығының мамандары, оқушылар білім алатын Білім-Инновация лицейі мен №22 мектеп-лицейінің директорлары мен мұғалімдері қатыств.

💐 Іс-шара барысында әлемдік сайыста топ жарған оқушылар мен олардың жетекшілеріне Әлихан Бөкейхан Университетінің Президенті, профессор Шырын Асылханқызы Құрманбаеваның сыйақылары табысталады. RO-Alemi құрамасы сапында өнер көрсеткен оқушылар 50 мың теңге көлеміндегі сыйақыға ие болса, оларды әлемдік додаға дайындаған жетекшілері - Бақытбек Орынбаев пен Сәкен Асқарбекке 300 мың және 100 мың теңге мөлшерінде қаржылай сыйақылар табысталды



Бөлісу: