Әлихан Университетінің студенті Халықаралық студенттік олимпиада жүлдегері
+7 (7222) 42-32-24

Әлихан Университетінің студенті Халықаралық студенттік олимпиада жүлдегері

Әлихан Бөкейхан Университеті Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің Бизнес және басқару кафедрасының 6В04117 – «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Маргарита Мамонова кафедраның аға оқытушысы С.Т. Құрманбаеваның жетекшілігімен Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университеті ұйымдастырған Бағалы қағаздар нарығы бойынша XXIII халықаралық студенттік олимпиадаға қатысып, жүлделі үшінші орынды иеленді..

Онлайн форматта өткен олимпиадаға Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай және Боливия жоғары оқу орындарынан 300-ден астам білім алушылар қатысты.

Бизнес және басқару кафедрасы халықаралық студенттік олимпиада жүлдегерін құттықтай отыра, жаңа академиялық белестерді бағындыруға тілектестік білдіреді.



Бөлісу: