«Антипаракрафт-2024» квест-ойынының облыстық кезеңі
+7 (7222) 42-32-24

«Антипаракрафт-2024» квест-ойынының облыстық кезеңі

2024 ж. 20 наурызында Әлихан Бөкейхан Университетінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі департаментінің Жемқорлықтың алдын алу басқармасының ұйымдастыруымен  «Антипаракрафт-2024» квест-ойынының облыстық кезеңі өтті. Іс-шараны Басқарма басшысы Толыбеков Нұржан Нұрлыбекұлы мен Әлихан Бөкейхан Университетінің құқықтық мәселелер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының докторы Матаева Майгүл Хафизқызы жүргізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша тестілеу түрінде өткен квест-ойынның облыстық кезеңіне Әлихан Бөкейхан Университеті мен «Семей медицина университеті» КеАҚ құрама командалары қатысты. 

Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша білімдерін сынап, 60 сұрақтан тұратын тест сауалдарына жауап берді.

Тестілеу қортындысы бойынша Әлихан Бөкейхан Университетінің студенттері жоғары нәтижелер көрсетіп, квест-ойынның республикалық кезеңінде облыс намысын қорғауға жолдама алды. Өрендерімізге сәттілік тілейміз!



Бөлісу: