Әлихан Бөкейхан Университеті Заң факультетінде 3-4 курс студенттерімен Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мамандарымен кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу мақсаты – болашақ заңгерлерді Абай облысы сот жүйесіндегі бос жұмыс орындарымен таныстыру, сот органдарына жұмысқа тұруға іріктеу ережелерін түсіндіру.
Кездесуді Заң факультетінің Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы ұйымдастырды.
Кездесуді Абай облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Нияз Зиядабекұлы Хасенов және сот әкімшісінің басшысы Жаненова Жанар Кенжетаевна жүргізді.
Кездесу барысында білім алушылар сот билігінің қызметі, судьялар корпусының кадрлық әлеуеті туралы жан-жақты ақпарат алды, Абай облысының сот жүйесінде кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін Alikhan Bokeikhan University Заң факультетінің түлектеріне қойылатын талаптар мен жұмысқа орналасу мәселелері толық түсіндірілді.
Сонымен қатар сот мамандары студенттермен "Есірткінің заңсыз айналымының алдын алу" тақырыбында практикалық сабақ өткізіп, есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық жауапкершілік мәселелерін түсіндірді. Құқық қорғау органдарының жастар мен жасөспірімдер арасында есірткіге байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағыттаған жұмыстары туралы баяндады.
- Оқылды: 592