Білім алушылардың XV Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
+7 (7222) 42-32-24

Білім алушылардың XV Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Құрметті студенттер, магистранттар мен докторанттар!

Әлихан Бөкейхан Университеті сіздерді дәстүрлі білім алушылардың XV Халықаралық ғылыми-практикалық студенттік конференцияға қатысуға шақырады. Биылғы конференция тақырыбы – «Әртүрлілік, теңдік және қол жетімділік – қазіргі қоғамның басымдықтары»Конференцияға жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатыса алады. Конференцияның мақсаты – білім алушылардың ғылыми идеялар мен жаңа ғылыми зерттеулермен алмасуын ұйымдастыру.Конференция 2024 ж. 19 наурызында өтеді. 

Конференция аралас форматта өтеді (оффлайн/онлайн)

Конференция жұмысының негізгі бағыттары (секциялары):

  1. Қазақстан Республикасында әділетті қоғам құру: қылмыстық-құқықтық саясаты (жауапты үйлестіруші: Тайжанова Екатерина Ерлановна, тел: + 77789952170, e-mail: tayzhanova@list.ru
  2. Қазіргі жағдайда теңдік құқық және теңдік қағидаттарын іске асыру (жауапты үйлестіруші: Сайдуллаев Ернар Аскарович, тел: + 77021918261, e-mail: ernar_saidullaev@mail.ru)
  3. Әділдік және теңдік: цифрландыру жағдайында жеке құқық қағидаттарын іске асыру (жауапты үйлестіруші: Каражанова Жанат Кокеновна,  тел: + 77755386016, e-mail: zhanat.karazhanova@mail.ru)
  4. Қазіргі психология дамуының перспективалық тенденциялары

(жауапты үйлестіруші: Исмаилова Гульнара Муратовна, тел: +77018998040, e-mail: gf_conference@mail.ru)

  1. Әлеуметтік-мәдени құндылық ретінде білімге қол жеткізу (жауапты үйлестіруші: Исмаилова Гульнара Муратовна, тел: +77018998040, e-mail: gf_conference@mail.ru)
  2. Әдебиеттану және лингвистика саласындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері (жауапты үйлестіруші: Акабаева Мадина Отановна, тел: +77476794491, e-mail: m.akabaeva@abu.edu.kz)
  3. Тіл мәдени код және әлеуметтік қатынас құралы ретінде (жауапты үйлестіруші: Қабдықалымқызы Әсем, тел: +77025204670, e-mail: k.assem81@mail.ru)
  4. Теңдіктің заманауи ландшафты: әлеуметтік географиялық және тарихи қырлары (жауапты үйлестіруші: Канапьянова Гульнур Мырзабековна, тел: +77773689729, e-mail: gulnur.kanapyanova81@mail.ru)
  5. Студенттік құндылықтардың қалыптасуына қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың әсері (жауапты үйлестіруші: Мархаба Әділ, 

тел: +7 702 144 11 55, e-mail: adil.marhaba.imam@mail.ru)

  1. Химия, биология және биотехнологияның өзекті мәселелері (жауапты үйлестіруші: Ажарова Алуа Куанышевна, тел: +77078216570, e-mail: alua.azharova@mail.ru)
  2. Дене шынықтыру және әскери - патриоттық тәрбиенің перспективалық бағыттары (жауапты үйлестіруші: Акчабаров Мерхат Маратович, тел: +77713554848, e-mail: merkhat200191@mail.ru)
  3. Әлеуметтік теңсіздік және оны шешудегі бизнестің рөлі (жауапты үйлестіруші: Кусаинова Алия Бейсенбековна, тел: +77018089053, e-mail: 80_aliya@mail.ru)
  4. Ақпараттық кеңістік және қазіргі қоғамдағы жастардың құндылық бағдарлары (жауапты үйлестіруші: Жаксыгулова Даурия Дарыбаевна, тел: +77756235478, e-mail: daurija_zd@mail.ru)

Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференцияға қатысу үшін өтініш пен баяндама тезистерін 2024 ж. 4 наурызына дейін конференция жұмысының негізгі бағыттары бойынша жауапты тұлғалардың электронды пошталарына жіберу қажет.

Конференцияның пленарлық отырысы Alikhan Bokeikhan University әкімшілік ғимаратында өтеді. Мекенжайы: Семей қаласы, Мәңгілік Ел к-сі, 11 (акт залы), Басталуы – сағат10:00-де.

Өтінімдер мен баяндама тезистері секциялар бойынша электронды поштаға  хабарлама тақырыбына «Alikhan Bokeikhan University конференциясына ________ (қатысушының тегі) мақаласы» деген тақырыппен жіберілуі тиіс.  

Бір автордан (авторлар тобынан) бір баяндама тезисі ғана қабылданады. Барлық тезистер конференция материалдарының жинағына енеді.

Конференция материалдарын рәсімдеуге қойылатын талаптар мен конференцияға баяндамамен қатысу шарттары ақпараттық хатта көрсетілген.



Бөлісу: