Әлихан Университетінің факультеттерінде бітіруші курс студенттері үшін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарына жұмысқа тұру мәселелері бойынша ақпараттық түсіндіру кездесулері өтті.
Іс-шараны ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары, ұлттық қауіпсіздік подполковнигі Асқар Аманбеков, департаменттің кадрлар басқармасы бастығының орынбасары ұ.қ. подполковнигі Арман Аширбаев және кадрлар басқармасының аға офицері, ұ.қ. майоры Римма Самбулатова жүргізді.
Кездесулер барысында мамандар бітіруші түлектерге ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі органдарына жұмысқа тұру үшін өтетін арнайы іріктеулер мен оларға қатысу талаптары туралы, қауіпсіздік қызметі органдарында жұмыс істеу ерекшеліктері туралы баяндады.
Мамандар түрлі мамандық бойынша оқуын бітіретін студенттерге Ұлттық қауіпсіздік қызметі органдарына жұмысқа тұруға шақырды. Студенттер, өз кезегінде, толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауаптар ала алды.
- Оқылды: 558