«Шағын және орта бизнес үшін тиімді бизнес-ортаны қалыптастыру» дөңгелек үстелі
+7 (7222) 42-32-24

«Шағын және орта бизнес үшін тиімді бизнес-ортаны қалыптастыру» дөңгелек үстелі

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Alikhan Bokeikhan University Халықаралық бизнес мектебі мен Бизнес және басқару кафедрасы Санкт-Петербург мемлекеттік орман техникалық университетімен бірлесіп ұйымдастырған «Шағын және орта бизнес үшін тиімді бизнес-ортаны қалыптастыру» тақырыбындағы  өтетін дөңгелек үстел жұмысына қатысуға шақырамыз.

Іс-шара 2024 жылғы 13 ақпан күні Мәңгілік Ел, 11 мекенжайындағы ABU Әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында өтеді.

Дөңгелек үстел спикерлері:

Койчубаев Александр Серегеевич, ABU ректоры, PhD

Шустова Елена Павловна, ABU халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, PhD, MBA.

Благоев Веселин, Varna University of Management проректоры (Болгария), ABU Халықаралық бизнес мектебі директоры, профессор.

Орынбасарова Айжан Абеухановна, ABU Бизнес және басқару кафедрасының меңгерушісі, PhD 

Терещенко Светлана Викторовна, С.М. Киров ат. Санкт-Петербург мемлекеттік орман техникалық университетінің халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы, э.ғ.к., доцент.

Дөңгелек үстелдің басталуы - сағ:15.00-де

Іс-шара жұмысына қатысуға ЖОО, колледж оқытушыларын, шағын және орта бизнес өкілдерін, басқа да қызығушылық танытқан тұлғаларды шақырамыз.

Қосымша ақпарат алу үшін көрсетілген тел. нөміріне хабарласуыңызға болады:

+7 777 278 4073 Шустова Елена Павловна 



Бөлісу: