ABU студенттерінің назарына!
Alikhan Bokeikhan University студенттеріне Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестріне конкурс жарияланады
2023-2024 оқу жылының көктемгі семестріне арналған шетелдік академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін университеттің барлық студенттерін конкурсқа қатысуға шақырамыз.
Конкурсқа алыс және жақын шетелдердің жоғары оқу орындарының бірінде өз білім беру бағдарламасы бойынша ағылшын, түрік немесе орыс тілінде бір семестр бойы оқуға ниет білдірген 2 және 3 курс студенттері қатыса алады.
Студенттер іріктеу конкурсына жалпы негізде қатысады, академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға байланысты барлық шығындар білім алушылардың өз қаражаты есебінен өтеледі.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Оқу үлгерімі жоғары болуы тиіс (GPA);
- Білім және ғылым салаларындағы жетістіктері болуы тиіс (грамота, сертификат және т.б. расталған);
- Ағылшын/түрік тілін кемінде «Intermediate» деңгейінде меңгеруі тиіс. Тілді білуі арнайы сертификатпен немесе ABU халықаралық ынтымақтастық бөлімінде тапсырған емтихан нәтижелерімен расталуы керек.
Конкурсқа қатысуға ниетті үміткерлер 24 қарашаға дейін Халықаралық ынтымақтастық бөліміне келесі құжаттарды өткізулері керек:
- Білім алушының өтініші
- ҚР азаматының паспортының көшірмесі
- Жеке куәлік көшірмесі
- Университеттің мөрімен расталған ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт
- Факультет деканы және кафедра меңгерушісі берген ұсыным хаттар
- Мақтау қағаздары, сертификат, диплом және алғыс хаттардың (бар болған жағдайда) көшірмелері
- Шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL) (бар болған жағдайда);
- 3х4 фотосурет (2 дана);
- Файл (көк түсті).
Үміткерлерді іріктеуді ҚР Білім және ғылым министрінің «Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» 2008 жылдың 19 қарашасындағы №613 бұйрығына сәйкес құрылған арнайы комиссия жүзеге асырады.
Құжаттарды ұсыну мерзімі - 24.11.2023 ж.
Конкурс екі кезеңде өтеді:
1 кезең – 2023 ж. 6-24 қараша аралығында құжат тапсыру.
2-кезең – 2023 ж. 6-7 желтоқсан күндері ағылшын/ түрік тілдерінен емтихан тапсыру.
Қосымша ақпаратты ABU Халықаралық ынтымақтастық бөлімінен алуға болады.
Мекенжайы - Семей қ, Мәңгілік Ел к-сі, 11, Әкімшілік ғимарат, 4-қабат, 23-кабинет
+7 702 113 7735 Акбота Серикхановна (жұмыс күндері сағ.09.00-18.00 аралығында хабарласуларыңызды сұраймыз)
- Оқылды: 781