Әлихан Бөкейхан Университетінің 25 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында 27 қазан күні Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің Бизнес және басқару кафедрасында Өскемен қаласы мәслихатының депутаты, "ШҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ басшысының орынбасары Ербол Бақытжан Ерболқызының қонақ дәрісі өтті.
Маман 6В04119 "Мемлекеттік және жергілікті басқару" білім беру бағдарламасының студенттеріне мемлекеттік қызмет мәселелеріне арналған дәріс оқыды.
Дәріскер мемлекеттік қызметке кіру тәжірибесімен бөлісе отырып, мемлекеттік құрылымдарға жұмысқа орналасу рәсімдері туралы баяндады. Студенттерге ҚР заңнамасы мен мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеуді тапсыру, үміткердің жеке қасиеттерін бағалау, қажетті құжаттарды жинау және мемлекеттік қызметке қабылдау кезіндегі қорытынды әңгімелесуден өту тәртіптері туралы түсіндірді.
Ербол Б.Е. университетіміздің түлегі, 2019 жылы оқу ордамызды "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін экономика бойынша магистратураны да бітірген.
Студенттер маман дәрісін белсенді тыңдап, қызықтырған сұрақтарын қойды, мемлекеттік қызметке кіру тұру мәселелеріне арналған қажетті көптеген пайдалы ақпараттар алды.
- Оқылды: 698