«ЖОО арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың тетіктері мен нысандары: тәжірибе және даму перспективалары» дөңгелек үстелі
+7 (7222) 42-32-24

«ЖОО арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың тетіктері мен нысандары: тәжірибе және даму перспективалары» дөңгелек үстелі

Alikhan Bokeikhan University 25 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында 25 қазан күні Alikhan Bokeikhan University шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының қатысуымен «ЖОО арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың тетіктері мен нысандары: тәжірибе және даму перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстелі өтті. 

Дөңгелек үстел жұмысына белгілі ғалымдар және Болгария Республикасының, Өзбекстан Республикасының Ресей Федерациясының өкілдері қатысты. Аталған іс-шарада шетелдік әріптестеріміз София техникалық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, профессор Димитров Любомир және қауымдастырылған профессор Колев Станьо да болды. 

Сондай-ақ, талқылауға Варна Менеджмент Университетінің проректоры, профессор Благоев Веселин, С.М. Киров атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік орман техникалық университетінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Терещенко Светлана Викторовна, сондай-ақ Алтай мемлекеттік университетінің халықаралық білім беру бағдарламалары бөлімінің басшысы Глушанина Светлана Викторовна қатысты. Дөңгелек үстел жұмысына Ташкент қаласындағы (Өзбекстан Республикасы) ММУ филиалы директорының орынбасары Маманазаров Абдухаким Базарович және Новосібір мемлекеттік университетінің білім экспорты басқармасының бастығы, NICE халықаралық білім беру орталығының директоры Сағайдак Евгений Иванович қашықтықтан онлайн  қатысты. Аталған іс-шара қатысушыларының қатарында Қазақстан Республикасындағы Болгария Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Хаджиев Боян мырза, өкілетті министр және Қазақстан Республикасындағы Болгария Республикасы Елшілігінің консулдық қызметінің басшысы Петков Пламен болды. 

Дөңгелек үстел аясында халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Е. П. Шустова 10 жыл ішінде Alikhan Bokeikhan University халықаралық жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту тәжірибесі туралы презентация жасап, ынтымақтастықтың негізгі нәтижелері туралы баяндады. 

Дөңгелек үстел барысындағы пікірталас шеңберінде Қазақстан Республикасы, Болгария Республикасы, Ресей Федерациясы университеттерінің білім беру және зерттеу саласындағы жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимыл тәжірибесімен алмасу, жаһандық сын-қатерлер жағдайында жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимыл нысандары, сондай-ақ студенттердің ұтқырлығына жәрдемдесу және академиялық бағдарламаларды дамыту,  университеттер арасындағы ынтымақтастықты жақсарту туралы маңызды мәселелері көтерілді.

Іс-шара ғалымдар мен университет үшін шетелдік жоғары оқу орындарымен академиялық және ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісуге тамаша мүмкіндік болды. 



Бөлісу: