Алты студентіміз күзгі семестрді Еуропада оқиды
+7 (7222) 42-32-24

Алты студентіміз күзгі семестрді Еуропада оқиды

✨ Әлихан Бөкейхан Университетінің алты студенті осы оқу жылының күзгі семестрін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Польшамен Болгарияның жоғары оқу орындарында өткізеді.

🤝 8 қыркүйек күні Университет басшылығы Еуропаға оқуға аттанатын өрендерімізбен жүздесіп, оларға сәт-сапар тіледі.

🌍 Биылғы оқу жылында студенттеріміз "Электроэнергетика" мамандығы бойынша София техникалық университетінде (Болгария), "Қаржы" мамандығы бойынша Шығыс Еуропа қолданбалы ғылымдар университетінде (Польша) , және "Екінші шет тілі қосымша оқытылатын ағылшын тілі" және "Құқық қорғау қызметі" мамандықтары бойынша Белосток мемлекеттік университетінде (Польша) бір семестр бойы білім алады.

✍️ Студенттер Еуропалық оқу орындарына ҚР БЖҒ министрлігінің гранттық қаржыландыруы мен Әлихан Бөкейхан Университеті ректорының гранты негізінде аттанады.

✨ Әлихан Бөкейхан Университеті студенттерді академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша гранттық негізде, оның ішінде Erasmus+ бағдарламасы бойынша, сондай-ақ, Университеттің өз қаражаты есебінен де шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында білім алуға жыл сайын жіберіп отырады.

✊ Осы жолы Еуропаға аттанған студенттерімізге ақ жол тілейміз! Сапарларыңыз сәтті болып, оқуларыңыз табысты болсын! Еуропа төрінен ұмытылмас естеліктермен оралыңыздар!



Бөлісу: