ITeachMe 7.0 жобасының таныстырылымы
+7 (7222) 42-32-24

ITeachMe 7.0 жобасының таныстырылымы

✨ 14 маусым күні Университетімізде ITeachMe 7.0 жобасының таныстырылымы өтті.

💡ITeachMe 7.0 - 17 жастан 38 жасқа дейінгі қазақстандықтарды заманауи digital: SMM + копирайтинг, motion design, графикалық дизайн, UI/UX дизайн, мобилография бағыттары бойынша оқытатын ауқымды жоба.

🔸Жобаға қатысып, заманауи, цифрлық кәсіп түрін игеруге кез келген қазақстандық жас өтініш бере алады. Іріктеу барысында басымдық ерекше оқытуды қажет ететін адамдарға, оның ішінде есту қабілеті, жүріп-тұру қабілеттері шектелген жастарға беріледі.

🤝 Жобаны жүзеге асыруға Абай облысынан бойынша біздің "Abai IT-Valley" технологиялық кластері серіктес болмақ

🔸Курстар оқуға ыңғайлы болу үшін екі тілде әзірленген, сонымен қатар барлық курстар ерекше қажеттілігі бар адамдардың білім алуына бейімделген. Курс барысында тәлімгерлердің жетекшілігі де қарастырылады.

🔹Жоба аясындағы бастапқы компьютерлік сауаттылық курстары компьютермен және бағдарламалармен жұмыс жасауға үйретсе, кәсіби курстар жастарды сұранысқа ие мамандар қатарына қосуды көздейді.

✊Жобаның басты серіктесі - "Шеврон" компаниясы. Одан бөлек үкіметтік емес және мемлекеттік сектор өкілдері қатарынан 100-ден астам серіктестері бар, оның ішінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және басқа да іргелі мекемелер мен ұйымдар бар.

💫Оқу аяқталғаннан кейін түлектерге жұмысқа орналасуға және алғашқы еңбек тәжірибесін алу үшін коммерциялық тапсырыстар алуға жәрдемдесу жүргізіледі.

✨Университетімізде өткен презентацияға 100-ге жуық қала жастары келді. Оның ішінде университет және колледж студенттері бар.
Әсіресе қаламыздағы Политехникалық колледжде білім алып жатқан есту қабілеті нашар жастар жобаға қатысуға ерекше қызығушылық танытты.



Бөлісу: