ABU ғалымдары Алтай мемлекеттік университетінде дәріс оқыды
+7 (7222) 42-32-24

ABU ғалымдары Алтай мемлекеттік университетінде дәріс оқыды

Ғалымдар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру – университеттің халықаралық қызметінің басым бағыттарының бірі. Жыл сайын біздің Униврситет шетелдік ғалымдарды ABU студенттеріне дәріс оқуға және практикалық семинарлар жүргізуге шақырады, сондай-ақ біздің оқытушылар түрлі білім беру бағдарламалары бойынша курстар оқу үшін серіктес оқу орындарына барады.

Мәселен, таяу күндері екі ABU ғалымы Алтай мемлекеттік университетінің МИЭМИС экономика факультетінің студенттеріне дәріс оқып қайтты:

- 2023 жылдың 22-27 мамыры аралығында ABU біліктілікті арттыру және қосымша оқыту институтының директоры, PhD М. Б. Молдажанов "Ресей мен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қатынастарын дамыту" дәріс курсын оқыды;

- 2023 жылдың 3-8 маусымы аралығында Униврситеттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры PhD, МВА Е. П. Шустова "Банк менеджменті" дәріс курсын оқыды.

Алтай мемлекеттік университеті біздің университетіміздің ұзақ мерзімді серіктесі. Ынтымақтастық жылдары көптеген бірлескен жобалар іске асырылды, академиялық және ғылыми ынтымақтастық белсенді дамуда.



Бөлісу: