✨ 7 маусым күні Әлихан Бөкейхан Университетінде биылғы оқу жылы Университетті тәмамдайтын студенттерге арналған "Job Fair - 2023" атты кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
☝️ Іс-шара барысында Университетіміздің Заң факультетін құқықтану және құқық қорғау қызметі білім беру бағдарламалары бойынша бітіретін түлектерге Абай облысы аумағында еңбек нарығындағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат беріліп, бітіруші түлектер мен жұмыс берушілердің көзбе-көз жүздесулері ұйымдастырылды.
🗣 Жәрмеңкеге Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының басшылары мен мамандары, Абай облысы соттары, прокуратурасы, ішкі істер органдары мен "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының басшылары мен жетекші мамандары, Әлихан Бөкейхан Университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен оқу бітіретін түлектері қатысты.
🤝 Іс-шара барысында Университет бітіруші жас мамандар жұмыс берушілермен тікелей байланысқа түсіп, жұмысқа тұру мүмкіндігін алды
✍️ Жұмыс берушілер, өз кезегінде, Университет бітіретін жас мамандар арасынан өз мекемелеріне қажетті кәсіби мамандарды таңдап алу мүмкіндігіне ие болды
- Оқылды: 790