"JOB FAIR - 2023" Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі
+7 (7222) 42-32-24

"JOB FAIR - 2023" Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

📢 Қымбатты Университет бітіретін түлектер!
Құрметті жұмыс берушілер!
Қадірлі әріптестер!

✨ 7 маусым күні Әлихан Бөкейхан Университетінде биылғы оқу жылы Университетті тәмамдайтын студенттерге арналған "Job Fair - 2023" атты Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтетінін хабарлаймыз!

☝️ Іс-шара барысында Университетіміздің Заң факультетін құқықтану және құқық қорғау қызметі білім беру бағдарламалары бойынша бітіретін түлектерге Абай облысы аумағында еңбек нарығындағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат беріліп, бітіруші түлектер мен жұмыс берушілердің көзбе-көз жүздесулері ұйымдастырылады.

🗣 Жәрмеңкеге Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының басшылары мен мамандары, Абай облысы соттары, прокуратурасы, ішкі істер органдары мен "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының басшылары мен жетекші мамандары, Әлихан Бөкейхан Университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен оқу бітіретін түлектері қатысады.

🤝 Іс-шара барысында Университет бітіруші жас мамандар жұмыс берушілермен тікелей байланысқа түсіп, жұмысқа тұру мүмкіндігін алады

✍️ Жұмыс берушілер, өз кезегінде, Университет бітіретін жас мамандар арасынан өз мекемелеріне қажетті кәсіби мамандарды таңдап алу мүмкіндігіне ие болады

🏢 Жәрмеңке Мәңгілік Ел, 11 мекенжайы бойынша Университеттің әкімшілік ғимаратында өтеді. Басталуы - сағат 10:00-де

✨ Іс-шараға қызығушылық танытқан тұлғаларды, жұмыс беруші мекемелер мен түлектерді "Job Fair - 2023" Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз!

📱 Қосымша ақпаратты келесі байланыс телефоны арқылы алуға болады:
+7 778 474 3485 - Гүлнұр Алханқызы (жұмыс күндері сағ. 9:00-ден 18:00-ге дейін)



Бөлісу: