✨ 29 мамыр күні Әлихан Бөкейхан Университетінде биылғы оқу жылы Университетті тәмамдайтын студенттер үшін "Job Fair - 2023" атты Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.
☝️ Іс-шара барысында Университетіміздің Гуманитарлық және Ақпараттық технологиялар және экономика факультеттерін педагогикалық, техникалық, жаратылыстану, IT бағыттары бойынша бітіретін түлектерге Абай облысы аумағында еңбек нарығындағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат беріліп, жұмыс берушілермен көзбе-көз жүздесулер ұйымдастырылды.
🗣️ Жәрмеңкеге Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының басшылары мен мамандары, білім беру, мәдениет, ақпараттық-коммуникациялық байланыс, электр энергетикасы, тамақ өндірісі және т.б. салалар бойынша мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің басшылары мен жетекші мамандары, Әлихан Бөкейхан Университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен оқу бітіретін түлектері қатысты.
🤝 Іс-шара барысында Университет бітіруші жас мамандар жұмыс берушілермен тікелей байланысқа түсіп, жұмысқа тұру мүмкіндігін алды
✍️ Жұмыс берушілер, өз кезегінде, Университет бітіретін жас мамандар арасынан өз мекемелеріне қажетті кәсіби мамандарды таңдап алу мүмкіндігіне ие болды
- Оқылды: 719