ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранты бойынша шет елдегі академиялық ұтқырлық
+7 (7222) 42-32-24

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранты бойынша шет елдегі академиялық ұтқырлық

Қымбатты ABU студенттері!

2023-2024 оқу жылының күзгі семестрінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранты есебінен Еуропаның жоғары оқу орындарының бірінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білі алуға байқау жарияланатынын қуана хабарлаймыз!

Байқау негізінде жалпы саны 3 грант бөлінеді.

Конкурсқа қатысуға Еуропа университеттерінің бірінде өз мамандығы бойынша бір семестр бойы оқығысы келетін, Университетіміздің барлық мамандықтарының мем. грантта білім алатын 1, 2 және 3 курс студенттері қатыса алады. Баратын оқу орны студенттің дайындық бағыты мен конкурс нәтижелерін ескере отырып нақтыланады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Оқу үлгерімі өте жақсы болуы тиіс (GPA 3,3 және одан жоғары);

Білім беру және ғылым салаларындағы жетістіктері болуы керек (грамоталармен, сертификаттармен және т. б. расталған);

Ағылшын тілін кемінде "Intermediate" деңгейінде білуі қажет (білім деңгейі тиісті сертификатпен немесе ABU халықаралық ынтымақтастық бөлімінде тапсырған емтихан нәтижесімен расталуы тиіс).

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:

Белгіленген нысан бойынша өтініш;

Жеке куәліктің және паспорттың көшірмесі (бар болса);

Факультет деканының және кафедра меңгерушісінің ұсыныс хаттары;

Грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері (бар болса);

Шет тілін білетіндігін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL), бар болса;

Қысқы сессия нәтижелері бойынша транскрипт;

Бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері немесе бала асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі (көп балалы отбасылар үшін);

Студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санаты үшін);

Студенттің мүгедектігін растайтын құжат (бар болса).

Фото 3х4 (2 дана);

Файлды тіркегіш папка (көк түсті).

Құжаттар 2023 ж. 26 мамырына дейін Мәңгілік Ел көшесі, 11, 4 қабат, № 23 каб. мекенжайы бойынша қабылданады

Қосымша ақпаратты келесі WhatsApp нөмірі бойынша: 

+ 7 702 113 7735 Жолдыханова Ақбота Серікханқызы (жұмыс күндері 9-дан 18.00-ге дейін)

Немесе oms_abu@mail.ru эл. Поштасы арқылы алуға болады



Бөлісу: