Құрметті әріптестер!
+7 (7222) 42-32-24

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2023 жылдың 14 сәуірінде өтетін Әлихан Бөкейхан университетінің 25 жылдығына арналған «Әлихан оқулары – 2023. Алаш мұрасы: тағылым және сабақтастық» Халықаралық ғылыми-тәжірибелікконференциясының жұмысына қатысуға шақырамыз!

Конференцияға жоғары оқу орындары мен  ғылыми зерттеу институттарының  оқытушылары мен ғалымдары, шетелдік және отандық зерттеушілер, докторанттар, магистранттар, мектеп, колледж мұғалімдері қатыса алады. 

Конференция жұмысының бағыттары: 

Әлихан Бөкейхан және Алаш қозғалысы: жаңа деректер мен ізденістер 

Алаш қайраткерлерінің әдеби және тілдік мұрасы; 

Алаш мұрасындағы әлеуметтік-экономикалық мәселелер;

Алаш қайраткерлерінің саяси-құқықтық, философиялық көзқарастары 

Алаштың рухани қазынасы қазіргі білім беру үдерісінде 

Конференцияның пленарлық отырысы Әлихан Бөкейхан университетінің әкімшілік ғимаратында (Семей қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 11) 2023 жылдың 14 сәуір күні өтеді. Басталуы - сағат 10:00-де. 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, түрік, ағылшын және орыс.  Конференцияға оффлайн және онлайн түрде қатысуға болады

Конференцияға қатысушылардың жұмыстары конференция материалдарының жинағына енеді. Жинаққа мақала жариялау – тегін. Конференция материалдары жинағының электронды нұсқасы барлық қатысушыларға беріледі.

Конференцияға жұмысына баяндамамен қатысу үшін немесе конференцияның материалдар жинағына мақала ұсыну үшін 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін alashtanu@abu.edu.kz электронды поштасына мақала мәтіні мен автордың аты-жөні, жұмыс не оқу орны, лауазымы және байланыс мәліметтері көрсетілген өтініш жіберу қажет.

Конференция жинағына ұсынылатын мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар Ақпараттық хатта көрсетілген.

Конференцияға қатысты барлық сұрақтар бойынша хабарласуға болатын байланыс телефондары:

+7-702-945-73-62 Еркін Ерланұлы Рахметуллин – «Алаштану» ғылыми зерттеу орталығының директоры.

+7-775-437-93-32  Әсем Лақуатқызы Кәкімжанова – филология кафедрасының аға оқытушы

Ақпараттық хат



Бөлісу: