«Білім берудегі менеджмент» біліктілікті арттыру курсы
+7 (7222) 42-32-24

«Білім берудегі менеджмент» біліктілікті арттыру курсы

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Әлихан Бөкейхан Университетінде 2023 жылдың 27-28 наурыз аралығында өтетін, жоғары оқу орындары, колледж және мектеп басшылары мен мұғалімдеріне арналған «Білім берудегі менеджмент» біліктілікті арттыру курсына қатысуға шақырамыз. 

Курсты Alikhan Bokeikhan University Халықаралық ынтымақтастық бөлімі және «Қаржы нарығының мониторингі орталығы» біліктілікті арттыру институты (Ресей) бірлесіп ұйымдастыруда.

Курс білім беру жүйесінің қазіргі жұмыс істеу жағдайында білім беру ұйымдары басшыларының, педагогтары мен қызметкерлерінің басқарушылық құзыреттілігін арттыруға бағытталған.

Курс мақсаты - қазіргі білім беру жүйесінің алдында тұрған өзекті міндеттерді шешу үшін тыңдаушылардың білім берудегі басқарушылық қызметті ұйымдастыру  дағдыларын қалыптастыру.

Курсқа:

- жоғары оқу орындары, колледждер мен мектептердің әкімшілік қызметкерлері мен оқытушылары;

- онлайн курстардың жетекші оқытушылары;

- магистранттар мен докторанттар шақырылады

Бағдарлама оқытушысы - Назарова Галина Владимировна – Қаржы нарығын мониторингілеу орталығының педагогикалық инновациялар бөлімінің басшысы, білім беру бағдарламаларын әзірлеуші әдіскер, тәжірибелі жаттықтырушы

Оқыту қашықтықтан жүзеге асырылады. Байланыс сілтемесі 2023 жылғы 24 наурыз күні барлық тіркелген қатысушыларының электронды поштасына жіберіледі.

Курс соңында барлық қатысушыларға тіркеу нөмірі, бағдарламаның атауы, күндері (2023 жылғы 20-28 наурыз аралығында), қатысушының аты-жөні көрсетілген, 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру жөніндегі куәлік беріледі.

Бағдарламаға тіркелу 2023 жылғы 23 наурызына дейін жүргізіледі.

Бағдарламаға қатысу құны - 10 000 теңге.

Қатысу құнын төлеуге реквизиттері:

 «Alikhan Bokeikhan University»

білім беру мекемесі

Заңды мекенжайы: 071400, Абай облысы, Семей қ, Абай к-сі 94/1.

Банк деректемелері: 

БИН 980440002042, 

ИИК KZ976010261000026178  «Қазақстан Халық банкі» АҚ,

БИК HSBKKZKX, КБЕ 17.

Курсқа қатысу үшін 2023 жылдың 23 наурызына дейін oms_abu@mail.ru электронды поштасына қатысушының аты-жөні, байланыс телефоны (WhatsApp) және электрондық поштасы көрсетілген өтінімді төлем түбіртегінің көшірмесімен бірге жіберу қажет

Қосымша ақпаратты келесі WhatsApp нөмірі арқылы алуға болады: 

+ 7 702 113 7735 - Жолдыханова Ақбота Серікханқызы (жұмыс күндері 9.00-18.00 аралығында)

Ақпараттық ха



Бөлісу: