Ақпараттық хат
+7 (7222) 42-32-24

Ақпараттық хат

"Халықаралық бизнесті дамытудың заманауи шарттары: саяси және экономикалық факторлардың әсері" халықаралық практикалық семинар

Құрметті әріптестер! 

Сіздерді 2022 жылдың 12 қазанында Әлихан Бөкейхан Университетінде өтетін "Халықаралық бизнесті дамытудың заманауи шарттары: саяси және экономикалық факторлардың әсері" атты халықаралық тәжірибелік семинарға қатысуға шақырамыз. 

Семинар Мәңгілік Ел көшесі, 11 мекенжайы бойынша орналасқан Университеттің әкімшілік ғимаратының Мәжіліс залында өтеді. Семинардың басталуы - сағат 9.00-де.

Семинарды Әлихан Бөкейхан Университетінің Халықаралық ынтымақтастық бөлімі мен ABU Бизнес Мектебі ұйымдастырды. Семинардың модераторы – профессор Веселин Благоев, Varna University of Management (Болгария) проректоры және ABU Бизнес Мектебінің директоры

Қазіргі уақытта халықаралық нарық жаһандық өзгеріске ұшырауда, бұл халықаралық бизнесті жүргізу жағдайларына да, ел ішіндегі компаниялардың қызметіне де айтарлықтай әсер етті. Қазақстанның экономикалық өсуі бұрынғысынша өндіруші өнеркәсіп салаларына байланған, ал ұлттық экономикамыз сыртқы сілкіністерге тәуелді. Сол себепті пікірталастың басты бағыты сыртқы күйзелістердің ұлттық экономикаға әсері, сондай-ақ халықаралық қаржы нарығы дамуының негізгі үрдістерін талдау төңірегінде өрбиді.

Семинардың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі. Семинар жұмысына қатысу – тегін

Семинарға қатысу үшін oms_abu@mail.ru поштасына қатысушының толық аты-жөні және WhatsApp телефон нөмірі жазылған өтінім жолдау керек

Бір кафедраның, не бір ұйымның оқытушыларының атынан ортақ бір тізімнен тұратын өтінім жіберуді сұраймыз!

Қосымша ақпаратты ABU Халықаралық қатынастар бөлімінен алуға болады:

Мәңгілік Ел көшесі, 11, 23-каб.
Байланыс тел. (722-2) 36-03-63 (ішкі – 124)



Бөлісу: