"Мұхтар Әуезов шығармашылығы ХХІ ғасыр ғылымы кеңістігінде" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы"
+7 (7222) 42-32-24

"Мұхтар Әуезов шығармашылығы ХХІ ғасыр ғылымы кеңістігінде" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы"

Құрметті әріптестер!

Alikhan Bokeikhan University Сіздерді 2022 жылдың 23 қыркүйегінде өтетін, қазақтың көрнекті жазушысы, ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына арналған «Мұхтар Әуезов шығармашылығы ХХІ ғасыр ғылымы кеңістігінде» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.

Конференция Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің Мұхтар Әуезов музей үйінде өтеді (Абай облысы, Абай ауданы, Бөрілі ауылы).

Басталуы - 23 қыркүйек күні сағат 11:00-де

Конференция жұмысының негізгі бағыттары: 
1. М.Әуезов мұрасы жаһандық мәдениет контекстінде
2. М.Әуезов мұрасы және ХХІ ғасырдағы тіл білімі мен әдебиеттану ғылымы
3. М.Әуезов және алаш идеясы
4. М.Әуезов мұрасын оқыту: инновация және әдістеме

Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және колледж, мектеп мұғалімдері шақырылады.

Конференция жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференцияға қатысу үшін 2022 жылдың 15 қыркүйегіне дейін ұйымдастыру комитетіне электронды пошта арқылы конференцияның ақпараттық хатында белгіленген үлгі бойынша өтінім және бекітілген талаптарға сәйкес  баяндама жіберу керек.

Ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасы - alashtanu@abu.edu.kz

Конференция материалдары арнайы жинақ түрінде жарияланады.

Қосымша ақпаратты конференция координаторларынан алуға болады:

Рахметуллин Еркін Ерланұлы,
«Алаштану» ҒЗО директоры, байланыс тел.: +7-702-945-73-62

Төлебаева Құралай Тоқтарқызы, 
ф.ғ.к., филология кафедрасының меңгерушісі,
байланыс тел.: +7-777-368-56-03

 

Конференцияның ақпараттық хаты



Бөлісу: