Хабарландыру
+7 (7222) 42-32-24

Хабарландыру

ҚҰРМЕТТІ ҚАУЫМ!

ҚР БҒМ ҒК «Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты әл-Фараби атындағы ҚазҰлттық университетімен, Люблин техникалық университетімен (Люблин, Польша), Тұран университетімен және Әлихан Бөкейхан атындағы университетпен (Семей, Қазақстан Республикасы) бірлесіп Алматы қаласында  2022 жылдың 20 қазаннан бастап  21 қазанына дейін VII – «Информатика және қолданбалы математика» атты халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді және сіздерді осы іс-шараға қатысуға шақырады.

КОНФЕРЕНЦИЯ БАҒЫТТАРЫ

Қолданбалы математиканың, информатиканың және басқару теориясының қазіргі мәселелері. Күрделі жүйелер мен бизнес-процестерді модельдеу және оңтайландыру.

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар. Жүйелер және мәліметтерді тасымалдау желілері. Интернет технологиялары. Бұлтты технологиялар. Параллельді есептеулер. Бөлінген есептеулер. Суперкомпьютер және кластерлік жүйелер. Мәліметтердің үлкен көлемін өңдеу (Big-data). Геоиақпараттық жүйелер мен технологиялар. Инновациялық білім беру технологиялары.

Жасанды интеллект технологиялары. Интеллектуалды басқару жүйелері. Сөйлеу технологиялары және есептеуіш лингвистика. Үлгіні тану және кескінді өңдеу. Биоинформатика және биометриялық жүйелер. Адам мен машинаның әрекеттесуі. Машиналық оқыту. Интеллектуалды робот жүйелері.

Ақпараттық қауіпсіздік және деректерді қорғау. Ақпаратты қорғаудың бағдарламалық және аппараттық құралдары. Криптография. Күрделі жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің математикалық әдістері

 

Конференцияның мақсаты – информатика және қолданбалы математика саласындағы өзекті мәселелерді талқылау. Конференция қолданбалы мәселелерді шешу үшін озық ғылыми жетістіктерді қолданатын ғалымдарды біріктіруге, халықаралық тәжірибе алмасуға, жаңа идеяларды қалыптастыруға және ғылыми жастардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Іс-шараның мақсатты аудиториясы – Қазақстан Республикасының және жақын және алыс шетелдердің ғалымдары, магистранттары, докторанттары.

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

«Информатика және қолданбалы математика» конференциясына қатысушылар келесі сайтқа тіркелу керек:  https://conf.iict.kz 

«Информатика және қолданбалы математика» конференциясына қатысуға өтінімдер мен баяндамалар 2022 жылдың 20 қыркүйегін қоса алғанда қабылданады.

Баяндамалардың авторлары тіркеу талаптарына сәйкес дайындалған есеп материалдарын да қоса беруі қажет. Ақпараттық және есептеуіш технологиялар конференциясының материалдар жинағы үшін қазақ немесе орыс тілдерінде 5-6 бет көлемінде мақалалар қабылданады (сайттағы формат үлгісі). Scopus және Web of Science дерекқорларына енгізілген журналдардағы арнайы шығарылым үшін мақалалар Scopus және Clarivate Analytics үшін стандартты форматта ағылшын тілінде (веб-сайттағы пішім үлгісі) қабылданады. Конференция қорытындысы бойынша мақалалар шығару жоспарлануда.

Ұйымдастыру комитетіне 2022 жылдың 20 қыркүйегінен кешіктірмей келіп түскен баяндамалар Конференцияға дейін материалдар жинағында электронды түрде жарияланады (формат үлгісі веб-сайтта).

Конференцияның ресми тілдері – казақ,  орыс, ағылшын. 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ӨТЕТІН ОРНЫ, БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  университеті және ҚР БҒМ ҒК  «Ақпараттық және есептеу технологиялар институты» ШЖҚ РМК  Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, тел.: +7- , +7-727-272-39-13 , +7-727-272-33-13, +7707-376-00-90  мекен жайы бойынша.



Бөлісу: