"Тиімді маркетингтік коммуникациялар және жарнама: цифрлық құралдар" халықаралық жазғы кәсіпкерлік мектебі
+7 (7222) 42-32-24

"Тиімді маркетингтік коммуникациялар және жарнама: цифрлық құралдар" халықаралық жазғы кәсіпкерлік мектебі

Құрметті студенттер, магистранттар!

Alikhan Bokeikhan University Бизнес Мектебі "Тиімді маркетингтік коммуникациялар және жарнама: цифрлық құралдар"  тақырыбындағы халықаралық жазғы кәсіпкерлік мектебіне қатысуға шақырады. Іс-шара Санкт-Петербург мемлекеттік орман-техникалық университеті және Солтүстік Кавказ федералды университетімен бірлесіп ұйымдастырылған. Ұйымдастырылған. Жазғы мектеп 2022 ж. 25-27 мамыр күндері онлайн режимде сағат 14.30-дан бастап өтеді (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша).

Кәсіпкерлік мектебінің мақсаты - жастардың кәсіпкерлік құзыреттілігін қалыптастыру, іскерлік мансапты құруға және болашақта кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізуге ынталандыру. 

Мектеп модераторлары: 

Благоев Веселин, Alikhan Bokeikhan University Бизнес мектебінің директоры, профессор.

Шустова Елена Павловна, Alikhan Bokeikhan University халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, PhD, MBA.

Яненко Михаил Евгеньевич, Санкт-Петербург мемлекеттік орман техникалық университетінің экономика, шаруашылық қызметті есепке алу және талдау кафедрасының доценті. 

Ежова Елена Николаевна, фил.ғ.д., профессор, Солтүстік Кавказ федералды университетінің жарнама және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі (Ставрополь қ.)

Жазғы мектеп бағдарламасы:

1 күн – 25 мамыр: 

Халықаралық экономика дамуының қазіргі тенденциялары;

Халықаралық бизнес үшін жаңа жағдайлар: бизнеске геосаяси факторлардың әсері;

2 күн – 26 мамыр:

Сандық экономикадағы маркетинг: сандық ортада тауарлар мен қызметтерді жылжыту:

Сандық ортадағы маркетингтік коммуникацияның негізгі құралдары;

Жылжыту, жарнама; Медиа-жоспар және медиа-жоспарлау;

Веб-сайт интернеттегі байланыс жүйесінің негізі ретінде;

Сандық маркетингтің тиімділігін талдау.

3 күн – 27 мамыр:  

Копирайтингтің негіздері: сандық кеңістікте ойды тиімді түрде жеткізу;

Медиа кеңістіктегі бедел дегеніміз не және онымен қалай жұмыс істеу керек? Сандық ортадағы беделді басқарудағы дағдарысқа қарсы коммуникациялар;

Digital-жарнаманың креативті технологиялары.

Барлық қатысушыларға халықаралық сертификаттар беріледі.

Жазғы мектепке қатысу – тегін.

Қатысушылар берілген сілтеме бойынша алдын ала тіркелуі қажет: https://bit.ly/3sqWfIa

Өтінім беру мерзімі - 2022 ж. 20 мамырына дейін. 

Онлайн семинарлардың сілтемелері іс-шараға бір тәулік қалғанда электронды поштаға немесе WhatsApp нөміріне жіберіледі.

Анықтама алатын байланыс мәліметтері:

Байтлеуова Лаура Аязбеккызы,

Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің аға маманы

Моб.тел.: +7 707 308 39 75 (WhatsApp 9:00 дан 18:00 дейін)

E-mail: laura180898@mail.ru



Бөлісу: