ABU халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Шустова Елена Павловна Белосток қаласындағы Қаржы және басқару жоғары мектебіне (Польша Республикасы) іс-сапармен барды. Польша серіктес-университетінің басшылығымен кездесу барысында тараптар академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады.
Кездесуге WSFiZ ректоры, профессор Э. Хостилович, проректор профессор А. Копчук, проректор Э. Амброзий, сондай-ақ ABU бизнес мектебінің директоры, профессор Веселин Благоев қатысты.
Шетелдік жоғары оқу орындарында дәріс оқу университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының академиялық ұтқырлығын дамытудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Сапар барысында Шустова Елена Павловна Қаржы және Басқару Жоғары Мектебінің студенттеріне ағылшын тілінде "Banking" курсы бойынша дәрістер өткізді. Лекция барысында қазіргі заманғы банк жүйесінің даму тарихы, банктер мен банк операцияларының жіктелуі, сондай-ақ банктермен тиімді қарым-қатынас принциптері туралы айтылды.
ABU Бизнес мектебінің директоры Веселин Благоев WSFiZ студенттеріне арналған "International Business Management" курсы бойынша ағылшын тілінде дәрістер оқыды, лекциялар мазмұнында бизнес өкілдері жаһандық мәселелер мен тенденцияларға назар аударды.


- Оқылды: 1309