Ағылшын тіліндегі халықаралық эссе байқауы
+7 (7222) 42-32-24

Ағылшын тіліндегі халықаралық эссе байқауы

Alikhan Bokeikhan University Көптілді білім беру орталығы ABU және серіктес жоғары оқу орындарының студенттерін, сондай-ақ мектептердің 10-11 сынып оқушыларын, Наурыз мерекесін атап өту аясында өткізілетін, халықаралық ағылшын тіліндегі эссе байқауына қатысуға шақырады. 

Байқау мерзімдері:

  • Байқау 2022 ж. 15 ақпаны мен 15 наурызы аралығында қашықтық форматта өтеді;
  • Өтініштер мен эссе қабылдау: 2022 ж. 10 наурызына дейін;
  • Байқау қорытындысын шығару: 2022 ж. 15 наурызында

Байқауға қатысу шарттары:

  • Байқауға "Alikhan Bokeikhan University" және серіктес-жоғары оқу орындарының барлық курстар мен мамандықтардың студенттері, сондай-ақ мектептердің 10-11 сынып оқушылары қатыса алады; 
  • Байқауға тек индивидуалды түрде қатысуға болады (командалық емес);
  • Бір автордан тек бір ғана байқау жұмысы қабылданады;
  • Байқау жұмыстары ағылшын тілінде электронды түрде (формат doc, docx) қабылданады.

Эссе тақырыптары:

  • “My student life”
  • “My future profession”
  • “My university”
  • “Education in our life”
  • “Studying abroad: student exchange programs”
  • “English as an international language”

Байқау қатысушыларын марапаттау:

  • Байқаудың барлық қатысушыларына қатысқаны үшін сертификаттар беріледі;
  • Байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқау шарттарын, эссе ресімдеу талаптарын және бағалау критерийлерін университеттің abu.edu.kz сайтында байқау ережесінен немесе @abu_language_center парақшасынан көруге болады.

ABU Көптілді білім беру орталығында өтініш беріп, толық ақпаратпен таныса аласыздар. 

Мекенжайы: 

Мәңгілік Ел көшесі, 11; 

әкімшілік корпус, 

4 қабат, 23 кабинет.

Байланыс мәліметтері:

Надирбаева Тоғжан Нурумқызы (Көп тілді білім берү орталығының оқытушы филологы)

Тел: + 7 747 503 3799

E-mail: togzhan_25.04.02@mail.ru



Бөлісу: