Халықаралық қысқы кәсіпкерлік мектебі - 2022
+7 (7222) 42-32-24

Халықаралық қысқы кәсіпкерлік мектебі - 2022

Құрметті студенттер, магистранттар!

 

Әлихан Бөкейхан Университетінің Бизнес-мектебі 2022 жылғы 16-17 ақпанда "НИНХ" Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университетімен (Новосибирск, Ресей) бірлесіп қашықтықтан өтетін "Бизнес-жоспар кәсіпкерліктің негізі ретінде" ABU - 2022 Халықаралық қысқы кәсіпкерлік мектебіне қатысуға шақырады. 

 

Кәсіпкерлік мектебінің негізгі мақсаты-жастардың кәсіпкерлік құзыреттілігін қалыптастыру, іскерлік мансапты құруға және болашақта кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізуге ынталандыру. 

 

Модераторлар: 

Благоев Веселин, Alikhan Bokeikhan University бизнес мектебінің директоры, профессор.

Шустова Елена Павловна, Alikhan Bokeikhan University Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, PhD, MBA.

Шеховцова Лада Викторовна, Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университеті базалық дайындық факультетінің деканы, э.ғ.к., доцент.

 

Қысқы мектеп бағдарламасы:

  • Бизнес-жоспар кәсіпкерлік қызметті стратегиялық жоспарлаудың негізі ретінде.
  • Бизнес-жоспардың құрылымы
  • Нақты жоба мысалында бизнес-жоспар құру әдістемесі.

 

Қысқы мектептің барлық қатысушыларына халықаралық сертификаттар (электронды формат) беріледі.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

Барлық қатысушыларға сертификаттарды уақытылы дайындау үшін алдын ала тіркелу қажет!

 

Өтінім үлгісі: 

Аты-жөні толығымен, ресми құжатта көрсетілгендей: (сертификаттарды ресімдеу үшін) 

 

Электрондық адрес

 

WhatsApp тіркелген байланыс телефонының нөмірі (семинар туралы ақпаратты және қосылу сілтемесін жіберу үшін)

 

Оқу орны

 

Өтінім беру мерзімі - 2021 жылғы 11 ақпанға дейін.

 

Кәсіпкерлік бойынша қысқы мектеп бағдарламасына қатысуға өтінімді келесі поштаға жолдау қажет:

Лаура Байтлеуоваlaura180898@mail.ru

Анықтама үшін тел. + 7 7073083975 (WhatsApp)

                        

Онлайн семинарларға қосылу сілтемесі іс-шара басталғанға дейін бір тәулік бұрын электрондық поштаға немесе WhatsApp нөміріне жіберілетін болады.



Бөлісу: