ХАБАРЛАНДЫРУ
+7 (7222) 42-32-24

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті мектеп бітіретін оқушылар!

 

Сіздерді  2021 жылдың 10–26 желтоқсаны аралығында Семей қаласындағы Әлихан Бөкейхан Университетінің (Alikhan Bokeіkhan University, ABU) ұйымдастыруымен, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, университет ректорының арнайы грантын тағайындауға арналған «Тұғырлы 30 жыл» тақырыбындағы аймақтық пәндік олимпиадаға қатысуға шақырамыз!

 

ШҚО мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында өтетін пәндік олимпиада:

-   Қазақ тілі және әдебиеті

-   Ағылшын тілі

-   Орыс тілі және әдебиеті

-   Қазақстан тарихы

-   Дүние жүзі тарихы

-   География

пәндері бойынша өткізіледі.

 

Олимпиада екі турдан тұрады:

•   І тур – Қашықтан, онлайн форматта өтетін тест сынағы

•   II тур – бірінші турдың қортындысы бойынша іріктелген оқушылар арасында, Семей қаласында, университет қабырғасында өткізілетін шығармашылық кезең.

 

Екі турдан да сүрінбей өтіп, оза шапқан оқушылар Әлихан Бөкейхан Университетінде тегін білім алуға мүмкіндік беретін Ректор грантын сарапқа салады! Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері мен олардың жетекшілеріне арнайы сертификаттар мен құнды сыйлықтар табысталады.

 

Олимпиадаға қатысу үшін – келесі сілтемедегі форманы толтыра отырып, алдын ала тіркелу керек: https://goo-gl.me/LWyut

 

Таңдаған пән бойынша I турдың тест сұрақтары келесі сілтемелер бойынша орналасқан:

-   Қазақ тілі және әдебиеті: https://goo-gl.me/PGQqx  

-   Ағылшын тілі: https://goo-gl.me/raTfK 

-   Орыс тілі және әдебиеті: https://goo-gl.me/yQ1p1  

-   Қазақстан тарихы: https://goo-gl.me/bQ29f  

-   Дүние жүзі тарихы: https://goo-gl.me/oQqWz  

-   География: https://goo-gl.me/Lsbjr

Олимпиадаға тіркелген әрбір оқушы I тур сұрақтарына 26 желтоқсанға дейін жауап беруі тиіс. Әр оқушының тест сұрақтарына тест сұрақтарына жауап беруге тек бір ғана мүмкіндігі бар.

 

Қосымша ақпаратты келесі байланыс мәліметтері арқылы алуға болады:

 

Қазақ тілі және әдебиетіОрыс тілі және әдебиетіАғылшын тілі пәндері бойынша – ABU Филология кафедрасының меңгерушісі, PhD  Мүрсәлім Гүлнұр Оразбекқызы

Байл.тел.  +7-778-470-41-27

e-mail: erowkan@mail.ru.

 

Қазақстан тарихыДүние жүзі тарихы және География пәндері бойынша – ABU Тарих және әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар  кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Болатова Қаламқас Болатқызы

Байл.тел. +7-775-823-46-79 

e-mail: kalamkas_17_81@mail.ru

 

Олимпиаданы өткізу ережелерімен келесі сілтемелер арқылы таныса аласыздар:

 

Қазақ тілі және әдебиеті

Ағылшын тілі

Орыс тілі және әдебиеті

Қазақстан тарихы

Дүние жүзі тарихы

География

 



Бөлісу: