Alikhan Bokeikhan University Ақпараттық хат
+7 (7222) 42-32-24

Alikhan Bokeikhan University Ақпараттық хат

             Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Alikhan Bokeikhan University, филология кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстандағы мемлекеттік тілдің дамуы: бүгіні мен болашағы» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференциясы  өткізіледі.

 

Конференцияның жұмысы төмендегі бағыттар (секциялар) бойынша өтеді:

1.Көркем мәтін және әдебиеттану мәселелері.

2.Тәуелсіздік және ұлттық код: тарихи шындық, тұлғалар тағылымы

3.Білім беру мазмұнын жетілдіру: оқытудың инновациялық технологиялары

 

Конференция өтетін орны: университеттің бас ғимаратының акт залында  пленарлық мәжіліс түрінде, секциялық отырыс онлайн форматта өтеді.  

 

Конференцияның өту мерзімі: 9 желтоқсан 2021 жылы

Конференцияға қатысу үшін 2021 жылғы 9 желтоқсанға дейін ұйымдастыру комитетінің  электронды поштасына төмендегі құжаттарды тапсыруы тиіс: 

  • қатысушының өтінім-тапсырысы;
  • төмендегі талапқа сай рәсімделген мақала;

 

Конференцияның пленарлық мәжілісіне ZOOM видеоконференциясы арқылы қосылуға болады. 

Конференция идентификаторы: 9401686418  Құпиясөз: 2021

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

            Баяндама мәтіні А 4 форматында орындалып, кестелер, суреттер, графиктерді қосқанда 3-5 беттен кем болмауы тиіс. Мақала Times New Roman (KZ Times New Roman) қаріпімен теріледі;  Негізгі мәтін Word  редакторында 14 шрифтімен (кестелер, суреттер, графиктер үшін - 10 шрифт), 1,0 интервалымен, азат жол – 0,7 см. Сол жағынан – 20 мм, оң жағынан - 17 мм, жоғарғы және төменгі жақтарынан – 20 мм қалдыру керек. Жоғарғы сол жақ шетіне ӘОЖ көрсетіледі, екінші жолдың ортасына автордың аты-жөні бас әріптермен жазылады, үшінші жолға мекеме, қала, мемлекет атауы жазылады, бір жолдан кейін түйін/ аннотация (2 тілде), келесі жолға кілт сөздер, бір жолдан соң баяндама мәтіні азат жолдан бастап теріледі. Баяндамада сызықша түріндегі маркерлер қолданылады, ал нөмірлеу жақшасы бар араб цифрімен. Қолданылған әдебиеттерді міндетті түрде көрсету керек (сілтемелер тік жақшада). Әдебиеттер тізімі мәтіннен соң бір қалдырып жазылады.

            Мақалаға тақырыбы, мақсаты, мәселесі жайлы мағлұматпен қамтылған қысқаша түйін (2-3 сөйлем) қоса жазылады. Түйін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде болуы тиіс. 

Мақаланың мазмұны үшін автор жауапты. Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған немесе талаптарға сәйкес рәсімделмеген материалдар қаралмайды.       Конференция материалдарының жинағы тікелей көшіру әдісі арқылы жасалады. Сондықтан, ғылыми мақалалар мұқият редакцияланған, жоғарыда көрсетілген барлық талаптарға сай ұсынылуы тиіс. 

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:

Семей қаласы, Шмидт көшесі, 44, Филология кафедрасы

Байланыс телефоны: +7778470 4127,

e-mail: erowkan@mail.ru



Бөлісу: