"Медицинадағы IT" халықаралық практикалық семинары
+7 (7222) 42-32-24

"Медицинадағы IT" халықаралық практикалық семинары

25-26 қараша күндері ABU халықаралық ынтымақтастық бөлімі София техникалық университетімен (Болгария Республикасы) және ABU Ақпараттық технологиялар және экономика факультетімен бірлесіп онлайн режимде ұйымдастырған "Медицинадағы IT" халықаралық практикалық семинары өтті. Бұл ағымдағы айда София техникалық университетімен бірлесіп өткізілетін екінші іс-шара.

 

Бағдарламаның спикері София техникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Станьо Колев болды.

 

Профессор Станьо Колев семинар барысында қатысушыларымен телемедицина және медициналық диагностикалық сигналдарды өңдеуге және алмасуға арналған жүйелер саласындағы соңғы инновациялық ақпараттармен бөлісті. Ауруларды диагностикалау, бақылау және емдеуге арналған арнайы медициналық жабдықтармен жұмыс істеу ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінді. Сондай-ақ, электрокардиографиялық және фонокардиографиялық сигналдарды алудың негізгі әдістері, осы сигналдардың параметрлері мен ерекшеліктері қарастырылды.

 

Бағдарламаға колледждердің, университеттер мен медициналық ұйымдарының қызығушылық танытқан оқытушылары, қызметкерлері мен медицина қызметкерлері қатысты. Айта кету керек, бұл бағдарлама ABU Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің оқытушылары үшін өте қызықты және танымды болды, өйткені ABU Ақпараттық-техникалық ғылымдар кафедрасы "Семей медицина университеті" КЕАҚ-мен бірлесіп әзірленген "Денсаулық сақтаудағы IT" білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. Семинар барысында алынған ақпарат біздің студенттерді - электрондық медицина саласындағы болашақ мамандарды оқытуда пайдалы ресурс болатыны сөзсіз. 



Бөлісу: