Қайырлы күн, достар! Назарларыңызға «Alma Mater: Түлектеріміздің жетістік жолы» атты айдарымызды ұсынамыз.
Айдардың бүгінгі кейіпкері – университетіміздің «Шет тілі : екі шет тілі» білім беру бағдарламасының түлегі Шыңғыс Арайлым Жеңісқызы
Арайлым оқу ордамызды 2017 жылы тәмамдаған. Қазіргі таңда «Yu kids island – Жұлдыз-Ардақ» балабақшасында ағылшын тілі мұғалімінің қызметін атқарады. Назарларыңызға Арайлымның университетте оқыған жылдары туралы естелік лебізін ұсынамыз:
«Білімді бол, білімді талап етуші бол, білімді тыңдаушы бол, білім жолындағыларды сүй» демекші, бүгін мен білім алған оқу орныммен мақтанатынымды ауыз толтырып айта аламын.
Бала кезімізден бастап үлкен-үлкен ғимараттардан қолдарына кітаптарын ұстап шығып келе жатқан студенттерге қызығушы едік. Студенттік кезең адам өміріндегі ең бір қимас, қызығы мол күндер ғой. Қазіргі Әлихан Бөкейхан Университеті – адамгершіліктің мың жылдық дәні егілген, жастық шақтың мәңгілік мекені, білімге сусындаған бақытты кезеңімізді еске салатын еңселі оқу орны.
Жоғары оқу орнына түскен кезден бастап, диплом алып, бітіріп шаққанға дейін тура жолға бағыттаған филология кафедрасының оқытушыларына, кураторым Алтыншаш Құрманбекқызына алғысым шексіз. Университетте алған білімім жақсы жұмысқа орналасып, берекелі еңбек етуге себеп болды.
Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. Қазіргі таңда ағылшын тілі мұғалімі болып «Yu kids island» балабақшасында жұмыс жасап Жүрмін. Өз мамаңдығымды сүйемін, себебі бабалармен жұмыс жасаймын. Ұстаз – білім мен ғылым жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын бітіретін ғажайып күш иесі. Менің мамандығым – әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сол себепті де өз мамандығымды мақтан тұтамын. Осы мамандықты игеруге мүмкіндік берген оқу орныма айтар алғысым шексіз!
Арайлым Шыңғыс
"Шет тілі: екі шет тілі" мамандығының түлегі
- Оқылды: 582