Конкурстың 1 кезеңінде қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі (факультет):
1) Студенттің өтініші (кафедра меңгерушісі мен деканның визасымен, 1, 2 қосымшалар);
2) Қазақстан Республикасының азамат паспортының көшірмесі;
3) Жеке куәліктің көшірмесі;
4) Университет мөрімен расталған ағымдағы үлгерім транскрипті;
5) Факультет деканы мен кафедра меңгерушісінен алынған ұсыным хаттар;
6) Мотивациялық хат (шетелдік университеттегі оқу тіліне сәйкес);
7) Грамоталар, сертификаттар, дипломдар, алғыс хаттардың көшірмелері (бар болса);
8) Шетел тілін меңгергенін растайтын құжат (IELTS, TOEFL) (бар болса);
9) 3х4 фото (4 дана);
10) Файл папкасы (көк).
Конкурсқа 2-ші кезеңге қатысу үшін қажетті құжаттар (Халықаралық ынтымақтастық департаменті):
- Паспорт;
- Жеке куәлік;
- 3х4 фотосурет (4 дана);
- Медициналық анықтама 072У;
- Флюорография;
- Соттылықтың болмауы туралы анықтама (e-gov немесе Kaspi арқылы);
- Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама (e-gov немесе Kaspi арқылы);
- Наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама (e-gov немесе Kaspi арқылы);
- Оқу орнынан анықтама (деканаттан);
- Шет елге шығуға өтініш (кафедра меңгерушісі, декан, халықаралық байланыстар жөніндегі проректор және оқу жұмысы жөніндегі проректордың қолы, Қосымша 3);
- Ата-аналардың сапарға шығуға келісімі (Қосымша 4);
- Шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы (Қосымша 5);
- Дисциплинарлық қолхат (Қосымша 6);
- Жеке себептермен, соның ішінде денсаулық жағдайы бойынша шетелдік жоғары оқу орнынан мерзімінен бұрын қайтып оралған жағдайда грант сомасын қайтаруға міндеттенетін қолхат (Қосымша 7);
- Шетелдік академиялық мобильдік бағдарламаға қатысу қаржылық жағдайы туралы ақпараттандырылғанын растайтын қолхат (Қосымша 8);
- ABU менталдық денсаулық орталығында психологиялық тесттен өту нәтижесі (декан мен халықаралық байланыстар жөніндегі проректордың қолымен);
- Application form (әр оқу орнының арнайы формасына байланысты, жалпы нұсқа - Қосымша 9);
- Learning agreement (әр оқу орнының арнайы формасына байланысты, жалпы нұсқа - Қосымша 10);
- ДОТ-оқытуға өтініш (Қосымша 11);
- Құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат (Қосымша 12).