Студенттер үйі ( Қаржаубайұлы 249к)
+7 (7222) 42-32-24

Студенттер үйі ( Қаржаубайұлы 249к)

Alikhan Bokeikhan University Студенттер Үйі – бұл хостелдік типтегі заманауи студенттік жатақхана.

 Жатақхана ғимараты 500 тұрғынға есептелген. Жалпы ауданы – 6000 ш.м.

Студенттер үйі 6 қабаттан (астыңғы қабат және ғимарат бойындағы 5 қабат) және 136 бөлмеден тұрады. Жатақхана ғимараты барлық заманауи талаптарға сай, кең әрі жарық. Құрылыс барысында қауіпсіздік пен экологиялық талаптарға ерекше көңіл бөлінді.

Әр бөлмеде 3 студенттен тұрады, бөлмелер жекелеген «блок-секцияларға» қосылады. Әр секцияда екі бөлме, жеке санитарлық бұрышы және душ бөлмесі бар.

Жатын бөлмелермен қатар, жатақхана заманауи ас үйлерімен, медициналық кабинетпен, Wi-Fi желісіне қосылған коворкинг аймақтармен, үлкен кітапханамен, фитнес залмен, кір жуатын бөлмемен және басқа да тұрмыстық жайлармен жабдықталған.

Жатақхана ғимараты силикат кірпішінен тұрғызылған. Сонымен қатар қабырғалар суық өткізбейтін арнайы материалдармен қапталған.

Бөлісу: