Ақпараттық хат
ABU студенттерінің назарына!
Alikhan Bokeikhan University студенттеріне
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша
2023-2024 оқу жылының көктемгі семестріне
конкурс жарияланады
2023-2024 оқу жылының көктемгі семестріне арналған шетелдік академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін университеттің барлық студенттерін конкурсқа қатысуға шақырамыз.
Конкурсқа алыс және жақын шетелдердің жоғары оқу орындарында өздерінің білім беру бағдарламасы бойынша оқуға ниет білдірген 2 және 3 курс студенттері жіберіледі. Оқыту тілі - ағылшын, түрік және орыс тілінде.
Студенттер жалпы негізде шетелдік жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқуға арналған конкурсқа қатыса алады, академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға арналған барлық шығыстар білім алушылардың қаражаты есебінен.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Оқу үлгерімі;
- Білім және ғылым саласында жетістіктерінің болуы (грамота, сертификат және т.б);
- Ағылшын тілін меңгеру деңгейі «Intermediate» дәрежесінен төмен емес. Тиісті сертификатпен немесе ABU халықаралық ынтымақтастық бөлімінде емтихан нәтижелерімен расталған болуы шарт (егер ізденуші шетелдік ЖОО-да ағылшын тілінде оқуды жоспарлаған жағдайда).
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізбесі:
- Білім алушының өтініші;
- Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатының көшірмесі;
- Жеке куәліктің көшірмесі;
- Университеттің мөрімен расталған ағымдағы үлгерім туралы транскрипт;
- Факультет деканынан және кафедрадан ұсыныс хаттар;
- Мақтау қағаздары, сертификат, диплом, алғыс хат (бар болған жағдайда) көшірмелері;
- Шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL) (бар болған жағдайда);
- Қысқы экзамендердің қорытындысы бойынша транскрипт;
- 3х4 фотосурет (2 дана);
- Файл (көк түсті).
Үміткерлерді іріктеу ҚР Білім және ғылым министрінің «Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» 2008 жылғы 19 қарашадағы №613 бұйрығына сәйкес үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
Халықаралық ынтымақтастық бөліміне құжаттарды ұсыну мерзімі 24.11.2023 жылға дейін.
1 кезең - 2023 жылғы 6-24 қараша аралығында құжаттарды тапсыру.
2-кезең – ағылшын/ түрік тілдерінен емтихан тапсыру - 2023 жылғы 6-7 желтоқсан.
Қосымша ақпарат:
Alikhan Bokeikhan University Халықаралық ынтымақтастық бөлімі
Семей қ, Мәңгілік Ел к-сі, 11, Әкімшілік ғимарат, 4-қабат, 23-кабинет
+7 702 113 7735 (WhatsApp) Акбота Серикхановна (Бөлімнің бас маманы),
Жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден жұмаға дейін.
Жұмыс уақыты: сағ.09.00-18.00, түскі үзіліс: сағ. 13.00-14.00
Құжаттарды тапсыру мерзімі 2023 жылғы 24 қарашаға дейін.