Кафедра туралы ақпарат
+7 (7222) 42-32-24

Кафедра туралы ақпарат

Байланыс

Кафедра меңгерушісі - Болатова Қаламқас Болатқызы, тарих ғылымдарының кандидаты
Кафедраның мекен-жайы: Семей қаласы, Шмидта көшесі, 44, 26-кабинет
Кафедра телефоны: +7 - 7222 - 77-34-62 
Кафедра меңгерушісінің  e-mail : kalamkas_17_81@mail.ru
Кафедраның e-mail: history@kazguiu.kz

Қысқаша ақпарат

Кафедра мақсаты: Тарих және география кафедрасы гуманитарлық факультеттің құрылымдық оқу - ғылыми бөлімі болып табылады. Ол оқу - әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Кафедра жұмысының негізгі бағыттары: деректану теориясы мен әдіснамасының негіздерін, Қазақстан және шет елдер тарихының көздерін, Қазақстанның және шет елдердің ежелгі және ортағасырлық, жаңа және қазіргі заманғы тарихын білетін, педагогикалық, ғылыми-зерттеу жұмысының негіздерін меңгерген, кәсіби қызмет түрлеріне сәйкес кәсіби міндеттерді шешуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау, түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру. 

Кафедраның білім беру бағдарламалары

Тарих және география кафедрасындағы бакалавриат білім беру бағдарламалары:
Оқу мерзімі нысаны:
Жалпы орта білім негізінде – 4 жыл
Арнаулы кәсіптік орта білім негізінде 

– 6В02212 «Отан және дүние жүзі тарихы»- 2 жыл 10 ай, 

-  6В01510  «География - Тарих»- 2 жыл 9 ай.
Жоғары білімнен кейін – 2 жыл
Бакалавриат: 
6В02212 «Отан және дүние жүзі тарихы»
6В01606 «Тарих»
6В01510  «География - Тарих»
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары:
Бағыттар бойынша магистрлерді даярлау 
7М01602 Тарих (ғылыми-педагогикалық бағыт)
7М01612 Тарих (бейіндік)
8D01602 «Тарих» бағыты бойынша докторантура философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін қажетті құзыреттерді алуға бағытталған.

Материалдық-техникалық база

Кафедрада техникалық құралдармен жабдықталған арнайы Тарих және География кабинеттері (интерактивті панель, ноутбук, интерактивті тақта және т.б.) бар. 
– кабинет №25, №29, - мамандандырылған «Тарих» және «География» мультимедиялық кабинеттер, онда дәрістер, сондай-ақ практикалық сабақтар өткізіледі. 
Зертханалық кабинеттер: 
- №39 (ШҚО тарихы мен мәдениеті ғылыми зертханасы), 
- № 34 магистранттар мен докторанттардың ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған кабинет.
Кітапхананың төменгідей бөлімдері бар: 
- абонемент;
- 100 орындық жалпы оқу залы;
- ғылыми зал;
- 25 орындық медиатека залы;
- 40 орындық мерзімді басылымдар залы;
- 20 орындық жатақханадағы оқу залы.

Халықаралық ынтымақтастық

Кафедрада екі келісімшарт бар: 
- Алтай мемлекеттік университетімен (АМУ)б акалавриат және магистратура бойынша ынтымақтастық туралы шарт,
- Кемерово мемлекеттік университетімен (Кемму) бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша ынтымақтастық туралы шарт.
2021 жылы қазан айында Еуразия құрлығындағы Экономикалық география мәселелері бойынша дәріс оқу үшін онлайн режимінде география ғылымдарының кандидаты, доцент Пуричи В.В. (Алтай мемлекеттік университеті, Барнаул қ.) шақырылды. Сондай - ақ, сол жылы 1-12 қараша аралығында кафедра студенттері, магистранттары мен докторанттарына т.ғ.к., доцент Глазунов Д.А. (Алтай мемлекеттік университеті, Барнаул қ.) «Шығыс тарихы» тақырыбында дәрістер оқыды. 2022 жылдың 4-15 сәуір аралығында т.ғ.к.,  доцент Н.Ю. Колокольцеваның (Алтай мемлекеттік университеті, Барнаул қ.) «Тарихты оқыту әдістемесі» бойынша дәрісі тыңдалды.

2022 жылдың 11-15 қазан аралығында оқытушылардың академиялық ұтқырлығы бағдарламасы аясында (Алтай мемлекеттік университеті, Барнаул қ.) география ғылымдарының кандидаты И.Н. Ротанова 6В01510 «География - тарих» мамандығының студенттеріне «Географияның өзекті мәселелері» атты тақырыпта  дәріс өткізді. 

Ғылыми жұмыс

ПОҚ ғылыми-зерттеу жұмысы:
Кафедрадағы ғылыми - зерттеу жұмысы университеттің стратегиялық даму жоспарының негізгі бағыттарына сәйкес жүргізіледі. Ғылыми мақалалар халықаралық және отандық журналдарда, соның ішінде БҒСБК басылымдарында және Scopus және Web of Science деректер базасында индекстелетін журналдарда жарияланады. Мысалы, 2021 жылы «Интеллект» баспасынан.  Г.М. Байпеисованың, Ф.С. Рамазанованың «Тарих және жаһандық әлем: жалпы теориялық мәселелер» атты оқу құралы, сондай – ақ, оқытушылар А.М. Табулдинованың, Қ.Б. Болатованың, Ж.Бекболатқызының «1920-1960 жылдардағы Қытай және Шығыс Қазақстан облысындағы қазақтардың көші-қон тарихы» атты оқу құралы жарыққа шықты.
Соңғы 5 жылда тарих және география кафедрасының ПОҚ нөлдік емес импакт-факторы бар басылымдарда 4 мақала, РИНЦ журналдарында 2 мақала, басқа ғылыми басылымдарда 31 мақала жариялады. Ғылыми-педагогикалық кадрларды қалыптастыру М016 «Тарих педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша тарих магистрлерін және D016 «Тарих педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша докторанттарды даярлау арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта кафедра аға оқытушысы Жанғалиев У.К. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ PhD докторантурасында нысаналы грант бойынша оқуын аяқтады., аға оқытушы Байгапанова А.Б. «Alikhan Bokeikhan University» ББМ докторантурада оқуын аяқтады. 2021-2022 оқу жылында кафедра оқытушылары Бекболтақызы Ж., Анисимова И.Ю. докторантураға түсті. 
Кафедра студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысы: 
Тарих және география кафедрасында 2 студенттік ғылыми-зерттеу үйірмесі жұмыс істейді: 
- «Жебе» 
- «Гималай» 
Кафедра студенттері жыл сайынғы ABU халықаралық ғылыми - практикалық конференциясына белсенді қатысады және өз мақалаларын материалдар жинағында жариялайды. 2021-22 оқу жылында университет №3 жалпы білім беретін орта мектебімен дуальді оқыту туралы шартқа қол қойып, кафедраның білім беру бағдарламалары бойынша филиалын ашты. Осы келісім аясында кафедра студенттері жаңартылған білім беру мазмұны бойынша практикалық сабақтарға жүйелі түрде қатысуға және семестр бойы семинарларда тарихты оқытудың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік алды. 2022 жылы 4 наурызда осы шартқа сәйкес №3 ОМ Soft skills Studio (зерттеушілердің кіші академиясы - "Alikhan Bokeikhan University" білім беру мекемесінің гуманитарлық факультетінің білім беру бағдарламасы) шеңберінде жоғары сынып оқушыларымен  пәндер бойынша зияткерлік ойын өткізілді.

2022-2023 оқу жылы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 6В01510 «География - тарих» мамандығының 4 курс студенті Закимов М. Туркия еліне (Памуккале университеті) шетелдік жоғары оқу орындарына семестрлік оқуға аттанды.

2022 жылдың  18 қазан күні гуманитарлық факультеттің тарих және география кафедрасының ұйымдастыруымен қаламыздағы №3, №17 жалпы орта білім беретін мектептің 10-11 сынып оқушылары мен  «Отандық және дүниежүзі тарихы», «География-тарих» мамандығының 1-курс студенттерімен бірлескен «25 қазан – Республика күні» мерекесіне арналған «Менің Отаным – менің мақтанышым»  атты зияткерлік сайыс пен эссе байқауы өткізілді.

Профессор-оқытушылар құрамы

Тарих ж»не география кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының құрамында: 25
Тарих ғылымдарының докторлары – 1
PhD-3
Тарих ғылымдарының кандидаттары – 8
Аға оқытушылар – 9
Оқытушылар- 4

ПОҚ біліктілігін арттыру

Кафедрада оқытушылардың кәсіби өсуіне ықпал ететін әр оқу жылына арналған ПОҚ біліктілігін арттыру жоспары бар. Оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында университетте ҚР жетекші жоғары оқу орындарымен байланыс орнатылған. Біліктілікті арттырудан өткен оқытушылар алған білімдерімен кафедраның ғылыми-әдістемелік семинарларында бөліседі, алынған ғылыми нәтижелерді оқу процесіне белсенді түрде енгізеді.
2021 жылы 7.12-24.12 Калгари университетінің қауымдастырылған профессоры (Канада) Есенова Саулеш Бахытовна «Alikhan Bokeikhan University» ББМ базасында «Антропологиялық зерттеулер әдіснамасы» бойынша кафедраның ПОҚ үшін курстар өткізді. Курстарда екі жарияланым үлгісінде ғылыми мақалаларды дайындау туралы төмендегідей мәселелер талқыланды: З.Г. Сақтағанова, М.О. Ғабдулмажитов "Семей ядролық сынақ полигонын құрудың және салудың алғышарттары" (Қарағанды университетінің Хабаршысы, № 2(66)/2012). Сондай-ақ ССП қызметінен зардап шеккендердің, радиоэколог және радиобиолог ғалымдардың, КЕҰ өкілдері мен кафедраның ПОҚ қатысуымен «Полигонның жабылуына 30 жыл» атты диалог алаңы өтті. Семинар жұмысының және дәрістердің қорытындысы бойынша кафедра оқытушылары "the hybrid professional development course "Current trends in historical and anthropological research" (72 academic hours) сертификаттарына ие болды.

Жетістіктер

Кафедра оқытушылары түрлі конкурстар мен халықаралық жобаларға белсенді қатысады. Мысалы, 2018 жылы кафедраның аға оқытушысы, т.ғ.к. Мамырбеков А.М. әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің (EHESS) ғылыми стипендиясының иегері болды (Франция, Париж). 2021 жылы Мамырбеков А. М. бірнеше халықаралық стипендиялар мен гранттарды жеңіп алды: 
- маусым айында Веннер-Грен қорының халықаралық стипендиясы, Вадсворт, АҚШ ($17.500), 
- 2021 жылдың қыркүйек айында Канада, Калгари университеті департаментінің Қаржыландыру желісі бойынша грант (25000$), 
сондай-ақ Канада, Калгари университетінің докторанттарына арналған халықаралық студенттік сыйлықтың стипендиаты болды (3000 $) .
Семей қаласы әкімінің грамоталарын т.ғ.д. А. С. Әділбаева, т.ғ к. Ф. С. Рамазанова, т.ғ.к. Қ.Б. Болатова, т.ғ.к. оқытушы Ж. Бекболатқызы алды.
«География» ББ студенттері Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен 12 Республикалық пәндік олимпиадада командалық есепте 3-орын алды. Кафедраның профессорлық оқытушылық құрамы БАҚ өкілдерімен жүйелі түрде ынтымақтасады: теледидарда сөз сөйлеп, облыстық және қалалық газеттерде мақалалар жариялады. 2021 жылы кафедраның аға оқытушысы Пашенцев А.П. саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Семей тарихы» телевизиялық жобасына және «Диалог» бағдарламасына сарапшы ретінде қатысты.

Түлектерді жұмысқа орналастыру

 «Отандық және дүниежүзі тарихы» ББ бойынша 2018 жылы – 83,3%; 2019 жылы – 53,3%; 2020 жылы - 54,5%;
«Тарих» ББ бойынша – 2018 жылы – 82%; 2019 жылы - 66,6%; 2020 жылы –100%; «География» ББ бойынша-2018 жылы-53,3%; 77,7% 2019 жылы – 83,3%, 
2020 жылы – 70%, 2021- 87%, 2022- 95%
Тәрбие жұмысы

Студенттік өзін-өзі басқару жүйесі келесі ұйымдар арқылы іске асырылады: "Enactus АBU" командасы, "Үркер" шығармашылық тобы, "Жас Отан" жастар қанаты, "АBU студенттер Альянсы", "Жас Заңгерлер Достастығы" қоғамдық қоры, "АBU КТК Одағы", "Эверест" дебат клубы, "Ақ ниет" қайырымдылық ұйымы", "Бизнес-инкубатор".

Танымал түлектер

Садырбаев Айдар - Семей қаласы әкімінің орынбасары. 
Ахметқалиев Нұржан - Семей қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры. 
Жүнісханов Айдын - археолог, Назарбаев университеті, "Қазақ тілі және шығыстану" департаментінің ассистенті. 
Рахметуллин Еркін - "Алаштану" орталығының директоры, ABU университеті 
Найман Думан - Ақжар ауылындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі. 
Нәдірбай Айдар - Аягөз аудандық мәслихатының депутаты, № 6 мектеп интернатының меңгерушісі.

Бөлісу: