«Мансап» орталығы
«Мансап» орталығы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін білім алушыларға жұмысқа орналасуда жан-жақты қолдау көрсетуді, болашақ кәсіби өзін-өзі жүзеге асыру үшін қолайлы орта жасауды қамтамасыз етеді.
Орталық қызметінің негізгі бағыттары:
• табысты жұмысқа орналасу және мансаптық өсу үшін қажетті, білім алушылардың әлеуметтік маңызды дағдыларын дамыту бойынша компания өкілдерінен мастер-кластар, презентациялар, семинарлар ұйымдастыру;
• компания өкілдерімен таныстыру кездесулерін ұйымдастыру;
түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекеттесу;
білім беру грантын бітірушілердің міндетті өтеу мәселелері бойынша «Қаржы орталығы» АҚ-мен өзара әрекеттесу;
• түлектердің жұмысқа орналасуы мен мансаптық өсу мониторингі;
• дуальды оқыту бойынша ынтымақтастық туралы шарттар негізінде өндірістік және диплом алдындағы практикадан өту қорытындылары бойынша жұмысқа орналастыру.
• білім алушыларға түйіндеме жазу, әңгімелесуден өту, бос жұмыс орындарын іздеу және т.б. бойынша кеңес беру.
Университеттің жұмысқа орналастыру мәселелері жөніндегі үйлестірушілер:
Алтынбекова Гулжан Каирхановна - мониторинг және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры (+77013657498)