Өзекті сауалдар
+7 (7222) 42-32-24

Өзекті сауалдар

ABUМагистратурасы туралы өзекті сауалдар

Негізгі мамандық бағдарынан өзге мамандықтың магистратурасына түсуге бола ма?

Магистрант магистратураның кәсіби оқу бағдарламасын меңгеруі үшін қажетті барлық пререквизиттерді оқыған болуы тиіс. Қажетті паререквизиттер тізімі ҚазИГЗУ Ғылыми кеңесімен анықталады. Қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда магистрантқа оларды ақылы түрде меңгеруге рұқсат етіледі. Осындай жағдайда магистратурада оқу магистранттың пререквизиттерді толық меңгергенінен кейін ғана басталады.
ҚазИГЗУ-де «Жоғары және ЖОО кейінгі білім беру мамандықтарын классификациялау кестесі», «ҚазИГЗУ магистратурасында оқуға қабылдау ережелері» жұмыс жасайды, онда магистратура мамандықтарына сәйкес келетін бакалавриат мамандықтары анықталған, сондай-ақ бар мамандықтардың білім беру бағдарламаларына қажетті пререквизиттер бекітілген.

Бағдарлық магистратура дипломымен жоғары оқу орнында сабақ беруге рұқсат алу үшін қосымша оқу оқуға бола ма?

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті бағдарлық магистратураны бітірген ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысуды қалайтын магистранттардың кәсіби бағдарлық магистратураның қосымша бағдарламаларын меңгеруіне өтініштерін қабылдайды және аяқталғаннан кейін мемлекеттік үлгідегі куәлік беріледі. Оқу жылы 1 жыл. Құжаттар 10-шы шілдеден 24-ші тамызға дейін қабылданады.

Магистратураның оқу ақысы қанша? Магистратурада оқу кезінде жеңілдіктер бар ма?

ҚазИГЗУ магистратурасында оқу ақысы жыл сайынғы бекітілетін Үкімет Қаулысына, ЖОО кейінгі білімі бар мамандарды даярлау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты. Университетте Ғылыми кеңестің шешімімен бекітілген оқу ақысына жеңілдіктер қарастырылған.

Магистратура әскери қызметтен босата ма?

Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 16 ақпанынан «Әскери қызмет және әскери қызметкер лауазымы туралы» заңына сәйкес магистратурада оқитын тұлға уақытша босатылады:
1) әскерге шақырту;
2) әскери жиынға шақырту.

Бөлісу: