Құрметті мектеп бітіруші түлектер мен олардың ата-аналары!
🎉 Сіздерді бүгінгі "Соңғы қоңырау" мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
🔔 Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан өрендерімізге Ақ жол тілеймін! Аңсаған армандарыңыз орындалсын, Жас түлектер! Алдағы Ұлттық Бірыңғай тестті, басқа да сынақ емтихандарын сәтті тапсырып, жүрек қалауларыңызбен таңдаған оқу орынан, ниет еткен мамандық бойынша оқуға түсулеріңізге тілектеспін!
🤎 Түлектердің үмітін үкілеген ата-аналарымызға балапандарыңыздың жолы ашық болсын демекпін! Балаларыңыз өмірден өз жолын тауып, өз тетігіне кірпіш боп қаланатын маман, арлы да адал азамат боп ер жетсін!
Ізгі ниетпен
Әлихан Бөкейхан Университетінің ректоры
Шырын Құрманбаева
- Оқылды: 838