Ректордың Отан Қорғаушылар Күнімен құттықтауы
+7 (7222) 42-32-24

Ректордың Отан Қорғаушылар Күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!
Қымбатты ер-азаматтар!
Қарулы Күштер қатарында қызметін өтеп жатқан қадірлі отандастар! 
💐 Сіздерді шын жүректен Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
🛡️ Ел мен жерді сыртқы жаудан, алапат апат, нәубет-пәледен қорғау қазақтың арда азаматтары мен қайсар қыздарының қанына біткен асыл қасиет! Кең байтақ Қазақ жері – батыр бабаларымыздың күш қайраты мен жанқиярлық жігерінің арқасында біздерге жетті. Осы жерге, Егемен елге қорған болатын бүгінгі батырларымыз – Сіздерсіздер. 
✨ Абыройлы да адал қызметтеріңіз игілікті болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын! Көк байрағымыз Бейбіт күннің көгінде желбірей берсін! 
💐 Мереке құтты болсын!
Құрметпен,
Әлихан Бөкейхан Университетінің ректоры Шырын Құрманбаева



Бөлісу: