Ректордың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
+7 (7222) 42-32-24

Ректордың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер! Қадірлі әріптестер! Қымбатты білім алушылар!
🇰🇿 Барлықтарыңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
✨ Халқымыз төл тарихында қаншама қилы заманды бастан кешті. Қандай қиындық, ауыртпалық, сан түрлі сынақ заманында да халқымызды аман сақтаған, тар жол, тайғақ кешулерден алып шыққан ең құнды қасиеті – ауызбірлігі мен бауырмалдығы болатын! 
✊ Сол бірліктің арқасында бүгін біз Тәуелсіз елімізде, тереземіз тең, керегеміз кең, бақуатты, бейбіт заманда ғұмыр кешудеміз. Жас ұрпағымызды білім мен ғылымға, ерлік пен елдікке баулып, өз елінің адал азаматы етіп тәрбиелеу мүмкіндігіне ие болып отырмыз! 
✨ Осы күнге жеткізген Ел бірлігі – қашанда да баянды, бекем болсын!
☀️ Аспанымыз ашық, Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! 
Мерекеміз құтты болсын!
🙏 Құрметпен, 
Әлихан Бөкейхан Университетінің ректоры Шырын Құрманбаева



Бөлісу: