Ректордның Жаңа жылдық құттықтауы!
+7 (7222) 42-32-24

Ректордның Жаңа жылдық құттықтауы!

Құрметті әріптестер, оқытушылар, университет қызметкерлері! Құрметті студенттер! Сіздерді келе жатқан Жаңа 2020 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2020 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ-береке, ырыс алып келсін! Жаңа Жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер Жылы болсын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Жаңа 2020 жыл біздің жетістіктерімізді одан әрі арттырып және сіздердің өмірлеріңізге жағымды өзгерістер әкелсін.


Бөлісу: