20 маусым күні Әлихан Бөкейхан №университетінде «Күміс Университет» бағдарламасының кезекті түлектеріне сертификаттар табыстау салтанаты өтті. Салтанатты рәсімде шет тілдері, цифрлық сауаттылық, скандинав жүрісі технологиялары сынды оқыту курстарын сәтті тәмамдаған түлектерге сертификаттар табысталды.
«Күміс Университет» - бұл жай оқыту ғана емес, сонымен қатар аға буын өкілдерін белсенді де салауатты өмір салтына ынталандыру әрі егде адамдардың өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін бірден бір жоба. Жоба оқуды, дамуды және трендте болуды жалғастырғысы келетін 50 жастан асқан адамдарға арналған.
Салтанатты шара барысында бағдарлама тыңдаушылары өз оқытушыларына алғыс сөздерін арнады. Тыңдаушылар оқытушылардың кәсібилігін, мейірімді қарым-қатынасы мен әрбір адамға жеке қолдау көрсетуге ынталы екенін ерекше атап өтті. Оқытушылардың үйлесімді еңбегінің арқасында оқу үдерісі қызықты, қолжетімді және нәтижелі болғаны тілге тиек етілді.
«Сіздердің шыдамдылықтарыңызға, қолдауларыңызға және бізге деген шынайы сенімдеріңізге үлкен рахмет! Сіздердің арқаларыңызда біз білім алудан қайта қуаныш алып, өзімізге деген сенімділік сезімін қайта таптық!» — деп атап өтті түлектер.
Күміс Университет жобасы адамның жас мөлшері жаңа білімдер игеріп, қызықты да белсенді өмірге кедергі емес екенін тағы бір мәрте дәлелді.




- Оқылды: 45