Әскери кафедрада оқу-жаттығу жиындары басталды
+7 (7222) 42-32-24

Әскери кафедрада оқу-жаттығу жиындары басталды

✨ Әлихан Бөкейхан Университетінің Әскери кафедрасында Запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау қағидалары мен ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының «2025 жылы Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы әскери кафедра студенттерінің оқу-жаттығу жиынын (кәсіби практикасын) өткізу туралы» бұйрығына сәйкес, Әскери кафедраның соңғы курсында білім алып жатқан студенттердің оқу-жаттығу жиыны басталды.

🛡️ Жиынға барлығы 237 білім алушы, оның ішінде 23 қыз бала қатысуда.

🔸Оқу-жаттығу жиыны — кафедрадағы әскери дайындықтың қорытынды кезеңі. Жиын студенттерді іс жүзінде оқыту мен олардың әскери дайындықтың теориялық курсын зерделеу кезінде меңгерген командалық, әдістемелік дағдыларын жетілдіру мақсатында, әскери бөлімдердің материалдық-техникалық базасын пайдалана отырып өткізіледі.

🔹Оқу-жаттығу жиыны кезінде білім алушылар саптық дайындық, ұрыс жүргізу әдістерін, оқ ату жаттығулары мен жауынгерлік (транспорттық) техниканы жүргізу жаттығуларын орындайды. Жиын — бітіруші студенттердің әскери ант қабылдауымен аяқталады.

📆 Биылғы жиын 2025 жылдың 16 маусымынан 22 шілдеге дейінгі аралықта запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттер үшін, 23 шілдеден 19 тамызға дейінгі аралықта запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттер үшін ұйымдастырылады.

📍 Жиынның бірінші кезеңі (28 маусымға дейін) — әскери кафедрада, екінші кезеңі (22 шілдеге дейін) — 28738 әскери бөлімінің базасында өтеді.



Бөлісу: